“ Құзыреттілік ”, ”Құзырет”, “ Құзыреттілік тәсілі ”, ”Мұғалімнің кәсіби педагогикалық құзыреттілігі ” ұғымдарының мәні
Автор: zbanova1 • Октябрь 1, 2023 • Реферат • 471 Слов (2 Страниц) • 186 Просмотры
Қазақсан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Баяндама
Тақырыбы: “ Құзыреттілік ”, ”Құзырет”, “ Құзыреттілік тәсілі ”, ”Мұғалімнің кәсіби педагогикалық құзыреттілігі ” ұғымдарының мәні
Орындаған: Збан Құрбанай
Тобы: КА-23-10
Қабылдаған: Риза Сара
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан - жақты білімінен, ұстаздык шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен
ерекшеленеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған ұғым. Құзырлылық - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
- Тұлғааралық және еңбектегі байланыс;
- Қызметтің экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
- Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
- Практикалык кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
- Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
- Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
• Құзыр - бұл адамның бойынданы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет - қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанататтандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық. Ал, құзыреттілік дегеніміз - бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалыкты жоғары жаңа технологияларды менгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің болуы.
1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу кабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық жане әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
К. С. Құдайбергенова: «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлганың субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгіздіріліп отырған ұғым”.
- Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы
«competens» белгілі сала бойынша жан-жакты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрактар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. «Біліктілік» пен «құзыреттілік» ұғымдарын салыстыра келіп, О. Б. Ховов екінші терминнін бірінші терминнен гөрі мағынасы кең екенін керсетеді. Өйткені оған
...