Конструкциялық технологиялық өңдеу жұмыстары
Автор: Молдир Жамзина • Апрель 24, 2018 • Курсовая работа • 6,458 Слов (26 Страниц) • 1,004 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................3
І тарау. Ампир стиліндегі кешкі сәнді көйлек
- Ампир стиліндегі тарихи киімдер,ер,әйел
көйлектері................................................................................................7
- Жаңа сән үлгідегі көйлектер. Ампир стиліндегі модельдеу.....................................................................................14
- Ампир стилігдегі киімдер туралы түсінік, композициясы..........17
ІІ тарау. Конструкциялық технологиялық өңдеу жұмыстары.
2.1. Бұйымды технологиялық өңдеу......................................................22
2.2.Сәндік өңдеу жұмыстары..................................................................26
2.3. Материалтану...................................................................................29
Қорытынды..............................................................................................32
Әдебиеттер...............................................................................................34
Қосымша
Кіріспе
ХХ ғасыр бойына мода өзінің атауынан басқаның бәрін өзгертіп отырды. ХХ ғасырдың екінші жартысында қолдан тігілген киімдер тігін қолөнерінің баяу дамығанын көрсетті.
Мода өндіріске айналмай тұрып, тағы бір шешуші қадам жасау қажет болатын. Мода өзін таныту үшін, оның жаңалықтары көшедегі сауда орталықтарында көп тираждармен шығарып көрсетілуі керек еді. Әрбір киім қолмен тігілген жағдайда, тиражы аз болды. Ағаш тігін машиналарының шығуымен, тігін өнеркәсібінің дамуымен, кез келген мөлшердегі модельдер дайындайтын тігін фабрикалары ашыла бастады. Киімдерді ықшамды, қарапайым өңдеу жолын жеңілдетуге тура келді. Өндіріс бұл жұмысты табысты орындады, мода да оған біртіндеп ере бастады.
Мода суретшісі Пол Пуареннің келуімен мода да жаңаша қадам алды. Пол Пуаре алда келе жатқан жыл мезгілдеріне арнап киім үлгілерін шығарып отырды.
Киім өңделуін жеңілдету, киімді конструкциялауға жаңа шешімдер керек екенін көрсетті. Мадлен Вионненің ойлап шығарған модельдері әйелдердің тұлғасын ашып айқын көрсетті. Ол адам тұлғасына қыналып тұратын киімнің түрін ойлап тапты. Енді мода тұлғасының жаратылысын оның әдемілігін, сұлулығын корсеттер мен шаршаулар көмегінсіз көрсетті.
Киім тігуде, бір сөзбен айтқанда жаңа жол іздеді. Бірақ, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы оның бағытын өзгертіп, жаңаша бағыт берді.
Бұл бағыт киімнің біртіңдеп жалпыға айналғанында еді. Әйелдер жұмыс істеу үшін киімнің мінезін ғана өзгертіп қойған жоқ, олардың ұзын, күрделі шаш үлгілерінің орнына қысқа етіп қырқылған шаш, тұла бойынан әйелдердің аяқтары бірінші рет көрсетіле бастады. Жаңа ғасырдың жинақы, жұмысшы, спортшы әйел бейнесі қалыптасты. Сол кезеңде шыққан бұл үлгілердің кейбірі осы уақытқа дейін модадан шыққан жоқ.
Моданы тек жоғарғы топ өкілдеріне ғана емес, көпшіліктің де қажетіне айналуы соғыс кезеңінен бастап бастау алды. Тұтынушылар киімдерін мода үйлерінде тіккізуге шамасы да, жағдайы да келмейтін еді, оларға дүкеннен дайын киімдер сатып алу тиімдірек болды. Мода да біртіндеп қарапайым үлгілер көрсете бастады, ол жұртшылықтың көңіліне қарап, теріс айналып кете алмады. Суретші-модельерлердің ішінде сол кезеңге арнап киім үлгісін дайындау - Вионне Пакен, Жанна Лан-вен, Габриель Шанель т.б. еді. Олар арзан маталардан тігілген қарапайым киімдер шығара бастады.
Моданы тек жоғарғы топ өкілдеріне ғана емес, көпшіліктің де қажетіне айналуы соғыс кезеңінен бастап бастау алды. Тұтынушылар киімдерін мода үйлерінде тіккізуге шамасы да, жағдайы да келмейтін еді, оларға дүкеннен дайын киімдер сатып алу тиімдірек болды. Мода да біртіндеп қарапайым үлгілер көрсете бастады, ол жұртшылықтың көңіліне қарап, теріс айналып кете алмады. Суретші-модельерлердің ішінде сол кезең-ге арнап киім үлгісін дайындау - Вионне Пакен, Жанна Лан-вен, Габриель Шанель т.б. еді. Олар арзан маталардан тігілген қарапайым киімдер шығара бастады.
...