Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар
Автор: qudiyarbekova • Апрель 20, 2018 • Реферат • 3,789 Слов (16 Страниц) • 5,003 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе...................................................................................................3 | 3 |
1.Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.............................................................................................................5 | 6 |
2.Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну...............................................................................................................7 | 5 |
3. Мазмұнға қойылатын талаптар....................... ...................................8 | 7 |
4.Магистрлік диссертацияның құрылымы және қысқаша мазмұны........................................................................................................15 | 1 |
5. Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері.................17 | 1 |
Қорытынды.............................................................................................23 | 2 |
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi..............................................................24 | 2 |
КІРІСПЕ
Жалпы кез-келген ғылыми зерттеу нәтижесін қағаз бетіне түсірмес бұрын рәсімделуіне қатты мән берілуі қажет. Өйткені ғылыми жұмысты оқып, өзіне керекті мәлімет алушы адамға немесе сол жұмысты тексеретін адам да рәсімделуіне қарайтыны белгілі. Ғылыми жұмысты рәсімдеудің негізгі мақсаты белгілі бір білім саласының маманы, оған қызығушылық танытатын ақпаратты түсінуге және алуға, ғылыми жаңашылдыққа жақсы көзқараспен қараушы адамдарға ғана түсінікті болуы керек. Сондықтан, жұмыстарды рәсімдеу кезінде төмендегідей жағдайларды жасау қажет:
- әдеби қазақ тілін қолдану;
- мәтіннің мазмұны түсінікті болу керек;
- жұмысты ыңғайлы түрде ұсынып, нәтижелерді нақты түрде құрастыру қажет;
- келтірілген әдебиет көздеріне сілтеме жасаудың бірыңғай тәсілін қолдану керек және т.б.; [1].
Ғылыми жұмысты рәсімдеудің нәтижесінде ғылыми жұмыстың ғылыми позициясы, жұмыстың материалын ұсынудың айқын және дәйектілігі, жұмыстың позицияларының практикалық маңызы бағаланады.
Ғылыми жұмыстың нәтижелерін ұсынуға барынша лайықты нысаны (әлемдік ғылымның ғасырлық тәжірибесі бекітілген) үш бөлімнен тұратын форманы қарастыруға болады. Үш бірдей маңызды бөлімдер:
- зерттеу міндеттеріне кірісу (әдеби шолу), мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, зерттеу бағдарламасын жасау;
- жеке нәтижелерді сипаттау және талдау;
- нәтижелерді бастапқы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес талқылау - ғылыми зерттеулердің мәнін түсінуге ыңғайлы логикадағы презентацияны құрастыру;
Ғылыми жұмыстарды қорғауға ерекше назар аударылатын негізгі критерийлері:
1) еңбектің нақты ғылыми жаңалығы - автор ұсынған тәсілдің мазмұны (мәні), алынған нәтижелер және жасалған тұжырымдардың жарамдылығы, осы зерттеуге алған мәселені қаншалықты маңызды екенін зерттеген автордың үлесі ескеріледі.
2) жұмыстың рәсімделуі - зерттелінген проблеманы, алынған мәліметтерді, өзінің жеке және әдеби деректерінің сәйкестігін автордың (ұсынатын, жеткізу) қаншалықты жақсы жеткізе алғаны ескереді.
3) Үйлесімдік (жалпы жұмыс мәдениеті) - жұмыстың мазмұны мен тәртібін, дизайны мен іске асырылуын үйлестіруді, автормен жасалынған жұмыстар туралы жалпы әсер, оның көрсеткен білімі, білімі мен күш-жігерінің бірізділігі ескеріледі. [2].
Ғылыми жұмыстың жалпы рәсімделуі ол титулдық парақтан бастап қолданылған әдебиетке дейін барлық стандартқа сай болуы қажет.
.
1. МӘТІНДІ РӘСІМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ.
- Мәтін компьютерде терілу керек.
- Сызық көлемдері талап бойынша орындалады.
- Әріп түрі мен мөлшері талап бойынша орындалады.
- Абзац беріледі.
- Жол арақашықтығы- бірқатарлы.
- Кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады.
- Тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі көрсетіледі, мысалы: (1.2., 1.1.,1.2. ). - Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек;
- Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек (сілтеме төртбұрышты жақшамен қойылады);
- Теориялық бөлімндегі бет саны 20 беттен кем болмау керек;
- Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
- Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесідегідей ретпен беріледі:
- автордың тегі, аты- жөні;
- мақала және журнал атауы (журнал мақалалары үшін);
- журнал және кітап атауы;
- шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін);
- шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері;
Әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады; - Қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді. [4].
2. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ.
Алынған нәтижелердің әдеби рәсімделуі ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы болып табылады. Қорытынды мен жалпылама қалыптасқаннан кейін дәлелдеу ойластырылып және көркемдеу дайын болғаннан кейін, нәтижелер есеп беру, баяндама, мақала және т.б. түрінде рәсімделеді. Шығармашылық еңбек нәтижесінің әдеби рәсімдеуі шығармашылық ашықтығын, жүйелігін және материал берісіндегі кезектілігін көздейді. [1].
Тексттің құрылымдық құрамы. Тексті абзацқа, яғни азат жолдан басталатын бөлімдерге бөлу керек. Жазылудың мәні мұндай бөлудің критерийі болып табылады-әр абзац құрамында мағына немесе бірнеше сөйлем бар өзіндік мәнін қамтиды. Қайталау болмау керек, бірінші пікір бітпей келесі пікірге өту болмауы керек. Қолжазбада ұзақ фразалар, кіріспе сөздер мен фразалар жіберілмейді, мүмкіндігінше қысқа және нақты сөйлемдер қажет.
...