Қазақстанда балалар және жасөспірімдер туризмін зерттеу
Автор: Nureke21 • Апрель 11, 2018 • Курсовая работа • 16,544 Слов (67 Страниц) • 1,354 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................... | 5 |
| 9 |
1.1 Балалар және жасөспірімдер туризмінің мәні және маңыздылығы | 9 |
| 14 |
| 19 |
| 24 |
2.1 Қазақстанда балалар және жасөспірімдер туризмін зерттеу........... | 24 |
| 30 |
| 40 |
| 45 |
3.1 Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер туризмін жетілдіру іс-шаралары.......................................................................................................... | 45 |
| 49 |
| 51 |
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... | 59 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................... | 62 |
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................... | 64 |
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту арқылы ең алдымен елімізде іске асырылып жүрген әлеуметтік-экономикалық реформаларға, балаларды сауықтырудың жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуына себебін тигізеді. Қазіргі таңдағы ҚР дамуында бұл тақырып аз зерттелген және ол ешбір нормативті, әдістемелік немесе экономикалық әдебиеттерде көрсетілмеген, ал жаңадан ғылыми зерттеулерді енгізу, қазіргі балалардың спорттық-сауықтыру туризмінің дамуына өте қажет. Біздің еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясында және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында туризм маңызды келешегі бар жоба деп анықтаған. Бірақ бәсекеге қабілетті отандық туристік индустрияны құру, білікті мамандандырылған туристік кадрларды дайындау және тәрбиелеу, халықаралық қоғамда, Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және туризмнің маңызды түрін дамыту үшін әлі де көптеген жұмыстарды атқару керек. Ең алдымен жаңа экономикалық жағдайда келешекте жұмыс істейтін жас ұрпаққа басты назарды аудару керек. Алайда соңғы 15 жылдың ішінде білім мекемелерінің массалық жұмыстарында туризм ең өзекті тақырып болған емес. Көбіне балалар-жастар туризмін дамытуға қосымша білім беретін салалар ғана жүзеге асырып келеді.
...