Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Автор: Gulnaz2003 • Март 18, 2022 • Реферат • 2,330 Слов (10 Страниц) • 791 Просмотры
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
Мәнжазба
Пәні: Педагогикалық шеберлік
Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Орындаған: Жұмаева Гүлназ
Тобы: ХимБио-20-1
Тексерген: Жангозиева Манет
Ақтау, 2022 ж
Жоспары:
I. Кіріспе:
1. Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері
II. Негізгі бөлім:
2.1. Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі
2.2. Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері қандай?
2.3. Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде?
III. Қорытынды
IV. Пайдалынылған әдебиет тізімдері
1. Педагогтың кәсіби білімі – бұл жоғары білім беру жүйесінде оқытушының тікелей басшылығымен және білім алушының өздік жұмысы арқылы алынатын білімдердің жиынтығы. Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады. Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:
- балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;
- баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;
- балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;
- оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
-педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;
Педагогикалық шеберліктің құрамдастарын зерттей отырып, ғалымдар оның іргелі негізі мен маңызды компоненті мұғалімнің кәсіби білімділігі деген тоқтамға келген. Педагогтың кәсіби шеберлігі құрамындағы білімділік компоненті пән бойынша терең біліммен; психология мен педагогиканы жете меңгерумен; жалпы мәдени-танымдық білімдермен сипатталады. Мұғалім-шебердің кәсіби білімділігі ең алғашқы кезекте оның өз пәнін жақсы білуімен және сабақ берудің әдістемесін меңгеруімен тікелей байланысты. А.С. Макаренко белгілегендей, оқушылар өз мұғалімдеріне аса қатаңдылықты, құрғақтылықты, тіпті тұрпайы мінезді кешіре алады, бірақ өзі жүргізетін пәнді дұрыс білмеуін кешіре алмайды.
Мұғалімдердің білімі болашақ мұғалімдерді сыныпта немесе мектепте тиімді жұмыс істеу үшін қажетті біліммен, дағдылармен , мінез -құлықтармен және көзқарастармен қаруландыру үшін жасалған процедуралар мен саясатты білдіреді. Барлық теориялық жұмыстар осы бөлімге енгізілген. Бұл мұғалімдердің ойлау қабілетін жақсартады. Әдетте, мұғалімдерді оқыту мұғалімдерді оқыту сессиясының алдында жүргізіледі және болашақ мұғалімдерді күтетін нәрсеге және сыныптағы шынайы өмір ортасын қалай дұрыс басқаруға дайындайды. Бұл үш кезеңге бөлінеді:
Мұғалімдердің алғашқы білімі (алдын ала дайындық). Ұлттық білім беру колледждері, педагогикалық колледждер мен педагогикалық орталықтар мұғалімдердің біліктілігін арттыруды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді
Индукция: Болашақ мұғалім ретінде алғашқы жылдары басшылық пен қолдау көрсету
Мұғалімнің дамуы: Болашақ мұғалімдерге арналған өндірістік тәжірибе.
2.1. «Мұғалім – өз білімін үздіксіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды», деген Ушинскийдің сөздері өте орынды. Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды.
...