Ғибратты фольклор
Автор: tomiristaukelova • Февраль 12, 2023 • Реферат • 601 Слов (3 Страниц) • 283 Просмотры
Ғибратты фольклор
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде ел ішіне кең тараған бір түрі- ғибратты фольклор. Бұл шағын жанрдың дидактикалық сипаты басым болған себепті «ғибратты фольклор» деп атап жүр. Тілге шешен, сөзге бай, ойға оралымды қазақ халқы ғибратты сөздердің неше алуан түрлерін айтып, қалдырғаны белгілі. Олар. Мақалдар, мәтелдер, тәмсіл сөздер, шешендік сөздер, нақыл сөздер, өсиеттер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар. Әр заманда өмір сүрген фольклор жинаушылар, зерттеушілердің назарына көп іліккен жанрдың бірі осы – «ғибратты фольклор үлгілері» болды. Онда ата-бабаларымыздың өнеге-өсиеті, тәлім-тәрбиесі, этикалық-эстетикалық тағылым беретін терең логикалық ой қортпалары, көзқарастары, пікір-тұжырымдары, байламдары, кемеңгерлік ақыл сөздері жинақталған. Солардың барлығы да уақыттың сүзгісінен өткен, санаға сәуле дарытатын, ой тастайтын, көкірек көзін ашатын, жауһардай жарқыраған, алмастай өткір де ойлы сөздер еді. Соның барлығы өмір тәжірибесінен сұрыпталған. Ғибратты фольклор үлгілері арқылы сол халықтың мінезін, болмысын, ақылын, тектілік өлшемдерін тануға болады. Ғибратты фольклор үлгілері – тәлім мен тәрбиенің көзі болды. Шешен сөйлеудің дайын нұсқасы да болды. Ежелден мақалдап, мәтелдеп сөйлеу - қазақ арасындағы шешендіктің үлгісі еді. Бұл жанрдың тіл ұстартуға, ойды дамытуға да тигізген әсері аз болмады.
1. Мақалдар: өмірдегі түрлі мәселелерді жинақтап, түйіндеп, ықшамдап көрсетудің тамаша көрінісі. Ол қысқа, ықшам формаға үлкен, мағыналы мазмұнды сыйдырудың үлгісі. Мақалда аяқталған ойды білдіріп, дәлел мен қорытынды қатар айтылады. Мағыналы ой дәлелді тұжырымдалады. Бірінші ой екінші ойға баламалы, салыстырмалы түрде айтылады. Мақал көбінесе өлең үлгісінде немесе ішкі ұйқас арқылы беріледі. Мақалдардың тақыры сан алуан. Ол адам өмірінің барлық қырларын қамтыған. Сол себепті де, мақалдарды «Туған жер. Отан. Халық», «Батырлық. Ерлік. Тәуекел», «Достық. Жолдастық», «Ар-ұят. Намыс. Абырой» т.б тақырыптарға жіктеуге болады. «Мақал -сөздің мәйегі» деп тегін айтылмаған.
2. Мәтелдер: образды, бейнелі ұтқыр, ықшам сөздің тамаша түрі. Мәтелде сөз мағынасы тұспалдап, баламалап, меңзеу тұрғысында толық аяқталмаған ой түрінде көркем тілде жеткізіледі. Мақал секілді формасы әбден тұрақтанған, тұрақты. Мәтел айтылар негізгі ойға, идеяға қосымша меңзеу ретінде немесе соның орнына қолданылады. Мақал
...