Коркем аударма жэне окулыктардын аударылыуы
Автор: botagoz1993 • Май 31, 2018 • Статья • 2,144 Слов (9 Страниц) • 716 Просмотры
А.С. Толеген (Казахстан, Алматы)
КӨРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ АУДАРЫЛЫУЫ
Аударма – ол бір халықтың мәдениет, әдебиет қазынасын, сол халықтың өмірге деген, қоғамға деген көзқарасын халыққа тасымалдау, жеткізу.
Қазақ тіліне аударма үлгісі ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда келген. Араб-парсы, шағатай тілдерінен ауысқан ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан ұсақ мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Бұлар шын мағынасында аударма емес, мазмұндау – өзінше қайталап айту еді.
Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі ХІХ ғасырдың екінші жатрысынан басталды, дәлірек айтқанда, 1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Киргизская хрестоматия» кітабында көрінді.
Жалпы, қазақ тіліне орыс классиктерінің шығармаларымен қатар дүниежүзілік әдебиет классиктерінің де шығармалары аударылды.
Аударманың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетінің марқайып өсуіне әсер болған бірінші жеңілдік – ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді. Екінші – төл әдебиетіміз де өсіп, аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік – тіліміздің қалыптасуы – тіл ғалымдарының ат салысуы. Осы үшеуіне қосылатын тағы бір жеңілдік – бөгде елдердің әдебиетіндегі, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ ұғымына жат еместігі:
Көрсетілген жеңілдіктер арқылы аударма әдебиет жедел өсті: ежелгі марғау аяқтан мардымды бағытқа ауысты.
Аударма өнері –көркем шығармашылықтың түрі және аудармашы да қаламгер болғандықтан, суреткер сипатын ашатын нәзік сезімталдық, жіті бақылағыштық, творчествалық, фантазия, интуиция, азаматтық өмірбаяян, сара парасат, шеберлік, шабыт сияқты ерекшеліктер аудармашыға да тән.
Көркем әдебиетті аудару – творчестволық жұмыс. Ол әдеби тілдің өсуіне, ұсартылуына көмектеседі: оның үстіне творчество адамы аудара отырып, көп нәрсені үйренеді [1,3-4б].
Көркем шығарманың көркемдік көрінісін аударма тілінде қайта беру моралдық және психологиялық тұрғыдан аса жауапты іс. Неміс ғалымы А.Курелла «түпнұсқа шындыққа қалай қатысты болса, аударма да дәл солай түпнұсқаға қатысты» деген пікірде. Көркем шығарманың шындығын авторлық көркем құралдар мен тәсілдкрді мүмкіндігінше түпнұсқамен тең жәрежеде жеткізу –басты шарт. Н.Н. Вильям-Вильмонт пайымдауы: «автордың көз алдында не тұрғанын әркез өзіңе елестетіп көр» [2, 156 б].
И.Кашкин «Шынайы аударма – түпнұсқаға сенімділік, шындыққа сенімділік, оқырманға сенімділік» деп қысқаша көркем шығарма жайлы қорытындылайды [3].
Көркем мәтін аудармасындағы ең күрделі міндеттердің бірі – автордың дербес тілі. «шығарма стилі» аударма баламалылығы мәселесімен байланысты, сондықтан да ол аудармашыны еркіндігі және дербестігі ұғымдарымен бірдей қарастырылады.
Аударма ісінде екі ұғымды мықтап есте ұстау керек. 1) Жазушының стилі, жазушының қолтаңбасының сақталуы. Мұнан тыс ырғақ, интонация, күрделі сөйлемдерді сол күйінде аудару т.б. 2) Шығарманың мазмұндық түрін жеткізу кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-қылығын, оқиғалар мен жағдайларды, жалпы алғанда композициясын басқа бір тілде қайта баяндап, шығу ғана емес, сонымен бірге мәтіннің мағынасын ұлт тілінде оұырманға түсінікті түрде сипаттау [3, 25].
Осындай тамаша аударма үлгілерін шығармасында көрсетіп, көркем шығарманың қазақ өміріне алып келген біртуар тұлға Жүсіпбек Аймауытұлының көркем шығармаға қосқан үлесі зор, артында қалдырған шығармашылық мұралары өте бай. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, С.Чуйков, М.Горький, А.Дюма, Дж.Лондон, Р.Тагор, Д.Фердинанд, Г.Мопассан, В.Гюго, К.Берковичтің шығармаларын тәржімалаған. Әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын тәржімалау арқылы өзінің аудармашылық талантын танытып, Америка әдебиетінен тұңғыш рет аударма жасаған Жүсіпбек Аймауытұлы болды. Ол аударудың тамаша үлгілерін тарту етіп, көркем аударманың алғашқы іргетасын қалады. Мен бұл мақаламда Ж.Аймауытұлының Джек Лондоннан аударған «Күштілердің күші» атты әңгімесіне тоқталғым келеді. Джек Лондон кім? Оның әңгімесін Жүсіпбек қандай мақсатпен аударды? Бұл әңгіме не үшін қызықтырды? Оны аударуға не түрткі болды? Бұл әңгімені аудару арқылы жазушы ұлттық әдебиетке қандай үлес қосты? Әңгімені қазақ оқырмандарына қалай жеткізді? деген сауалдарға жауап іздеп көрейік. Ұлы жазушы Джек Лондон 1876 жылы Сан-Франциско қаласында өмірге келген. Оның өмір сүру кезеңінде Американың экономикалық, әлеуметтік жағдайы өте нашар болады. Жұмыссыздық, кедейлік пен жоқшылық Джек Лондонды жас күнінен еңбекқорлыққа бейімдейді. Тағдыр тауқыметін ерте көрген ол он жасынан бастап газет сатып, күн көруге жанталасады. [4]. Жүсіпбек Аймауытұлы Джек Лондонның көптеген туындыларының ішінде «Күштілердің күші» (Лениншіл жас, 1925. №6-7) мен «Теңсіз телегей аттаныс» (Жаңа мектеп, 1926. №4-5) деген екі әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімалаған. Бұл екі аударма да Джек Лондонның 1924 жылы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген «Сила сильных» атты кітабынан алынып, аударылған. «Күштілердің күші» әңгімесі алғаш рет 1910 жылы «Хэмптон» журналында жарияланған екен. Зерттеушілердің тұжырымынша, батыс әдебиетінің әлемге таралуына бірден бір себепкер болған нәрсе «әңгіменің көлемінің жинақылығы, эпизодтар мен оқиғалар тығыздығы, заманындағы аса зәру тақырыптарды тез арада күн тәртібіне қоя білетін қасиеті» [5, 14 б.]. Жүсіпбек аударған Джек Лондонның бұл екі әңгімесі де өз еліндегі сол кезеңнің әлеуметтік күй-қалпын бейнелеген, болып жатқан келеңсіз құбылыстарды толығымен қамтыған шығармалар еді. Жүсіпбек Джек Лондонның «Күштілердің күші» атты әңгімесін қандай мақсатпен аударды, оны аударуға не түрткі болды, басқа туындыларын алмай, дәл осы әңгімесін неге тәржімалаған дегенге келсек,
біріншіден, бұл туынды жазушының идеялық бағытымен және саяси көзқарасымен сәйкес келеді, себебі бұл аударма әділетсіздік, ақымақтық, озбырлық тақырыбына арналған,
екіншіден, Ж.Аймауытұлының өзі жазған төл шығармаларында да бұл тақырыптар ең өзекті болған болатын,
үшіншіден, екі жазушының да айтайын деген ойлары мен көтерген мәселелерінің бір арнаға тоғысуы Жүсіпбектің бұл туындыны аударуына түрткі болды. Джек Лондон бұл әңгімесінде өзі өмір сүрген қоғамдағы езгі мен адам еңбегін қанау жүйесін суреттеген. Жүсіпбек Дж.Лондонның көптеген танымал шығармаларының ішіндегі осы әңгімесін таңдап алуының да басты себебі осында болса керек, яғни қазақ қоғамында қалыптасқан озбырлық пен отаршы құл халыққа жасалып жатқан астыртын саяси зұлымдықтар «Күштілердің күші» композициясымен үндес. Ж.Аймауытұлының өзі айтқандай, «әр адамның, әр ақынның өрісі бірінші заманына, екінші туып-өскен әлеуметіне, үшінші нәсіліне байлаулы»[6].
...