Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аударма лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде

Автор:   •  Август 14, 2018  •  Реферат  •  950 Слов (4 Страниц)  •  1,302 Просмотры

Страница 1 из 4

1. Аударма лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде

ХХ ғасырдың бірінші жартысында тіл мамандарын аударма мәселесінің қызықтыр- мауы лингвистика ғылымында структурализм идеяларының басым болуына алып келді. Тілдің объективті сипатын беруге, лингвистиканы «нақты» ғылымдарға жақындатуға ты- рысып, тіл мамандары «ішкі лингвистика» немесе «микролингвистикамен» шектелді [1:24]. Ғылыми дәлдік пен объективтілікті көздеп, тіл мамандары тілдік жүйенің тікелей бақылап, өлшеп, санауға, дәлелді түрде сипаттап классификациялауға болатын жақтарына көп көңіл бөлді: тілдің дыбыстық, морфемалық, және лексикалық құрамы, оның синтактикалық құрылымы, тіл бірліктерінің синтагматикалық және парадигматикалық байланыстары, олар- дың үйлесімділігі және т.с.с. Нәтижесінде тіл білімі көп тілдердің құрылыстық ұйымдас- тырылуына ғылыми анализ жасауда елеулі жетістіктерге жетті. Алайда, тілді зерттеудегі құрылыстық тәсілі тілдің мазмұнды жағын зерттеуден бас тарту қажеттілігін тудырды. Сондықтан мағына туралы пікірлер ғылыми емес деп саналып, семантика үшін тіл ғылымында орын болмады. Тіл білімі мен аударманың жолдары ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана қиылысты. Бұған аударма ісі мен лингвистикаға өзгерістер алып келген объективті және субъективті факторлар себепші болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ақпараттық жарылыс – адамдар мен халық арасындағы ақпарат алмасуының күрт өсуі - «аудармашылық жарылыспен» - әлем бойынша аударма әрекеті қарқынының өсуімен қатар жүрді. Аударманың синхронды, кинофильмдерді, радио және теледидар бағдарламаларын аудару сияқты жаңа түрлері пайда болды. XX ғасырдың екінші жартысына қарай лингвистика ғылыми бағытын өзгертті. Тіл мамандары зерттеу салаларын оған макролингвистиканың мәселелерін қосып кеңейтті. Макролингвистикада тілдің қоғаммен, ойлаумен, болмыспен байланысы, вербалды қарым- қатынастың лингвистикалық және экстралингвистикалық аспектілері, адам қоғамында ақпаратты жеткізу тәсілдері және т.с.с маңызды мәселелер қарастырылады. Аударманы зерттей бастағанда тіл мамандарының лингвистика ғана аударма теориясына емес, аударма да лингвистикаға үлкен үлес қоса алатындығына көздері жетті. Аударма аударма үдерісіне қатысатын тілдер туралы ақпараттың құнды дереккөзі болып шықты. Әр тілде бірдей функциялар мен жағдайларды сипаттайтын бірліктер мен құрылымдардың қолданылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталады. Осының арқасында зерттеудің басқа тәсілдерін қолданғанда назардан тыс қалған тіл қызметі мен құрылсындағы кейбір ерекшеліктерді табуға болады. Лингвистика- лық теорияны дамытуға машиналық аударманың әр түрлі жүйелерін құру талпыныстары да түрткі болды. Машиналық аударудың алғашқы әрекеттері қанағаттандырарлықтай болмады, бірақ бұдан кейінгі жетілдірілген компьютерлер бұл мәселені шеше алады деген үміт болды. Дегенмен көп ұзамай компьютер адам сияқты көптеген аудармашылық қиын- шылықтарды жеңе алмайтындығы анық болды. Дегенмен, машиналық аударма үш негізгі жағдаяттарда сәтті қолданып келуде. Біріншіден, бағдарлама лексикалық және грамма- тикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Осының негізінде аудармашы нақты аударма беру үшін не керек екенін шешеді. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді. Аудармашы тап болатын негізгі қиыншылықтар тілдердің ерекшеліктерімен және нысандарды атау мен жағдайды сипаттау тәсілдерімен байланысты. Бұл жерде қиыншылықтардың үш типін атап көрсетсе болады: тіл бірліктерінің семантикасының өзгешелігі, тілдік емес шындықты бейнелеуге тілдер құрған «әлем бейнесінің» сәйкес келмеуі жене ау- дарма мәтіндерде сипатталатын осы шындықтың өзіндегі айырмашылықтар. Аудармашы жеңуге тиіс екінші лингвистикалық кедергі әрбір тіл өзінің ерекше «әлемнің тілдік бейнесін» құратындығында. Мысалы, қазақ тіліндегі «қол» және ағылшын тіліндегі «hand» және «arm» сөздері, қазақ тіліндегі «саусақ» пен ағылшын тіліндегі «finger» мен «toe». Сөздерді әртүрлі мүшелеу аудармашы алдында аударма нұсқасын таңдау қиындығын тудырады. Қиыншылықтар, сонымен қатар, түпнұсқада қабылдаушы мәдениетте жоқ құбылыстар аталған кезде де пайда болады. Қазақтың «даласы» деген не? «Brown Betty»дің дәмі қандай? Дегенмен тілдік факторлар аударма қиындықтарын тудырып қана қоймай, оларды шешуге жағдай жасайды. Әр тіл бірегей болғанына қарамастан, барлық тілдердің құрылысы мен қолданылуының негізінде аударма үдерісінде оларды байланыстыруға мүмкіндік беретін бір принцип жатыр. Барлық тілдер дыбысталуы мен мағынасы бар екі жақты бірліктерден тұрады. Олардың барлығының сөздік құрамы мен граммтикалық құрылымы бар, олардың барлығы ойды құрастыру және басқа адамдармен қарым - қатынас кезінде сол ойды жеткізу құралы қызметін атқарады. Барлық тілдер әр түрлі тәсілдермен мезгіл, мекен, сандық, модальдық жәнет т.б. мағыналық категорияларды білдіріп, заттар класын, жеке объекттер мен олардың белгілерін, қалпын көрсете алады. Әртүрлі лингвистикалық пәндердің ережелері аударма ісінің көптеген аспектілерінің бетін ашып қана қоймай, сонымен қатар аударманы зерттеушілерге осы күрделі феномен туралы объективті ақпарат алуға көмектесетін бірқатар сараптама жасау әдістерін береді. Бүгінгі таңдағы аударматану лингвистикалық сараптама жасаудың әдістерін толығымен немесе оларға қандай да бір өзгертулер енгізіп қолдануда. Аударма барысында әртүрлі тілдерде жазылған мәтіндер арасында (түпнұсқа мен аударма мәтін) белгілі бір қатынас орнайды. Осындай мәтіндерді салыстыра отырып, аударманың ішкі механизмін ашуға, балама бірліктерді анықтауға, сонымен қатар түпнұсқа бірліктерін аударма тілдің бірліктерімен алмастырғанда болатын құрылысы мен мазмұнындағы өзгерістерді байқауға болады.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (87.4 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club