Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аударма ісіндегі қателіктер

Автор:   •  Февраль 14, 2023  •  Реферат  •  337 Слов (2 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 2

Аударма ісіндегі қателіктер:

  • 1 қате аударылған сөз үшін 18 жастағы бала инвалид болып қалды.

Бұл оқиға 1980 жылы болды. Вилли Рамирес атты баланың басы кенеттен қатты айналып, дезориентация қатты болғаннан ештеңені көре алмай қалады. Ол сондай күйде 2 күн болады. Оның анасы Виллиді сол күнгі астан уланып қалған шығар деп, 101ге хабарласады. Алайда, миссис Рамирес ағылшынша нашар сөйлейтін еді. Испанша «intoxicated» деген сөз «улану» дегенді білдірсе, ағылшынша ол сөз «алкогольдің артық дозасынан мастану» деген мағынаны береді екен. Негізінде, Виллидың қан тамырының жарылуынан миға қан кеткен. Сонымен, Вилли есін жия алмай, дәрігерлер оған дұрыс емес ем тағайындап, оны «мастанудан емдеген». Нәтижесінде бұл ем бала денесінің толық паралич болуына әкелді.

  • КСРО мен АҚШ-тың арасында бола жаздаған соғыс. 1956 жыл. АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыстың нағыз кезі. Никита Хрущев Польша елшілігінде сөз сөйлейді. Хрущев көпшілік алдында сөйлегенде, көбінесе, аударуға қиын идиомаларды қолданатын. Ол Польшадағы өз сөзінде «Нравится вам или нет, но история на нашей стороне. Мы вас похороним» деп айтады. Хрущев Маркстің «пролетариат является могильщиком капитализма» деген сөзіне қатысты айтқанымен, аудармашы оны тура «Біз сіздерді көмеміз» деп аударды. Сол үшін екі ел арасында расымен де соғыс бастала жаздады, себебі келесі күні Хрущевтің бұл сөздері барлық газет-журналдарда жарияланды. Хрущевке кейін осы сөздері үшін кешірім сұрауға тура келді.
  • Вайтанги келісімі. Кейде қателер байқаусызда жасалады, ал кейде оны әдейі істейді. Мысалы 1840 жылғы Жаңа Зеландиядағы маори мен британдықтардың арасындағы келісімшарт. Бұл келісімшарттың 2 нұсқасы болған: біреуі маори тілінде, ал екіншісі ағылшын тілінде. Екеуіндегі мәтін бірдей, тек жалғыз ғана сөзі дұрыс емес аударылғаннан келісімшарт мағынасы мүлдем өзгеріп кеткен. Маори тіліндегі келісімшарт бойынша «Британия маориларды сыртқы шабуылдардан құтқарса, британдықтар Жаңа Зеландия аралына кіре алады», ал британдық келісімшарт бойынша «егер маорилер Британияның қол астына кірсе, британдықтар оларды сыртқы жаудан қорғайды».
  • Дәстүрге айналған қателік. ХХ ғасыр басында Жапонияның ішкі нарығы бірнеше шетелдік кондитерлік кампанияларды игере бастады. Солардың ішіндегі біреуі «Валентин» күніне арнап шоколад сатқысы келді. Алайда, жапон мәдениетін ескермей, дұрыс емес аударма жасап «қыздар ұлдарға шоколад сыйлайды» деп жазды. Соның арқасында 14 ақпан күні жапон ұлдары қыздардан шоколад алады. Кейіннен 14 наурызда ұлдар қыздарға шоколад сыйлайтын болды.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (50.9 Kb)   docx (198.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club