Синхронды аударма сипаты және тарихы
Автор: merudaisy • Март 25, 2021 • Реферат • 1,624 Слов (7 Страниц) • 2,323 Просмотры
2. Синхронды аударма[pic 1][pic 2]
2.1 Синхронды аударма сипаты және тарихы
Синхронды аударма мәтінді тікелей тыңдау, қабылдау арқылы негізгі тілде сөйлеу ақпараттарын бір мезгілде жедел ауызша аудару. 1926 жылдан бастап ілеспе аудармадан синхронды аудармаға көшу басталды. Бірақ ол 1945 жылдан кейін ғана толық жүзеге асты. Бұл халықаралық кездесулерде, жиын, мәжіліс т.б мәдени, қоғамдық шараларда бірнеше жұмыс тілдері қатар пайдаланылған кезде уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді. Ол ауызша аударма және жазбаша аударма деп екіге бөлінеді.
Аударма түрінің сипаттамасы
[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11][pic 12][pic 13][pic 14][pic 15][pic 16][pic 17][pic 18][pic 19][pic 20][pic 21][pic 22][pic 23]
Синхронды аударманың нұсқалары ( әралуандығы )
[pic 24]
[pic 25]
[pic 26]
[pic 27][pic 28][pic 29]
Синхронды аударма -аударманың ең күрделі түрі. Оның басты ерекшелігі: шешен сөзін бір меззетте жарыспалы түрде қабылдау және аударма тіліндегі сөздің туындауы. Уақыттың қатаң түрде шектеулігіне байланысты айтылған сөзге үйлесімді, тәжрибие жасау. Синхронды аудармаға берілген уакыт ілеспе аудармадан екі есе аз, сөйленген сөздің жазбаша мәтінінен 20-30 рет аз. Сонымен бірге шешен сөзінен кейін кідіріп қалмау, сөйлеу жылдамдығына ілесу әрі сөз сөйлеу қарқынымен сәйкесіп отыру қажет. Ең басты дәстүрлі ережесі екі тілді терең жетік білумен бірге, әңгіменің мәнін, маңызын жете түсініп, мүмкіндігінше толық қайта мазмұндау.
Синхронды аудармашы шешен сөзінің басталуынан кейін шұғыл аудару әрекетіне көшеді. Ол сөйленген сөзді бар зейінмен тыңдай отырып, аудару барысында дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады. Алғашында баяндама немесе шешен сөзін тындаған залдағы адамдар бар зейінмен оның аударылуын асыға күтеді. Шешен сөзінің айтылу шапшандығы секундтар үлесінде. Тіпті санаулы секундтарға созылатындықтан, өте тез аяқталады. Аудармашыдан мәтінді дұрыс
қабылдап, анық, айқын түсініп, сапалы, жақсы аудару, сонымен қатар, сәтті сәйкестік пен дәл баламаларды жедел таба білу, оны сөзбен тез, қисында байланыстыру талап етіледі.
Шетелдік аударма зерттеушісі Ж. Илья синхронды аударма қызметінің кезеңге бөліп қарастырады.
1 ) аударма әрекетінің қалыптасуы
2 ) сөйлемді тындап алу
3 ) оны іштей ойда аударып шығу
4 ) келесі сөйленген сөзді қабылдау. [ 8:20 ]
3.А Кочкина түсінігінде негізгі аударылатын мәтінді қабылдау мен аударма мәтінін жеткізу барысында аудармашы біріншіден ақпарат келемін қысқартады, екіншіден шешен сөзімен салыстырғанда өз сөзін жылдам айтып жеткізеді. Шешен мен аудармашы сөздерінің уақытқа сәйкестілігінің сандық сипаттамасын алу кезінде екі негізгі нұсқаны тауға болады: 1 Шешен сөзінің кідіріс уақытындағы аударма тілінде мәтінің жеткізілуі немесе шешен сөйлеген уақыттағы оның бөліктерінің жеткізілуі. Аударма тіліндегі мәтіннің жеткізілуі.
Синхронды аудармаға ақпаратты ықшамдау, мәтіндегі сөздерді жинақтап мазмұндау тән. Сөйленген сөзде қыстырмалар, қайталаулар ұшырасады. Ол сөйлеу қызметіндегі лингвистикалык және психологиялык заңдылыктар қатарынан, жекелей алғанда сөйлеу ақпаратын жеткізу ауқымынан шыңып келеді. Сөздің ақпараттық толықтығы арқасында компрессия қалыптасады. Ол шешен сөзінің қарқынына аударма тілінің үйлесуімен айтарлықтай дәрежеде айқындалады.
Негізгі мәтіндегі бағдарлау үдерісі шешен сөзінің аяқталуына дейінгі аралықта туындайды. Бағдарлау үдерісі-шешен сөзін ойда қабылдау ғана емес. Ол-аудармашылық сезімді іздестіру мен таңдау жүйесіне қызмет ететін аудармашы белсенділігі. Шешен сөзіне аудармашының бағдарлануы, бейімделуі-коммуникативтік қатынас жағдайындағы терең білімге, аудармашылық тәжірибеге, негізгі айтылған ойлардың мақсатын, тақырыбын, мәнін, мәтіннің мағыналық мазмұнын және тілдік түрлерін тұспалдауға, болжауға сүйенеді. Бағдарлау табысты болуы үшін аудармашы мағыналық тізбектегі бағдарлау нысанының сапасын анықтай келе, сөйленген сөзден небәрі 1-3 секундтай ғана қалып отырады. Аудармашылық шешімді жүзеге асыру мәтін тындалып біткеннен кейін аяқталады.
...