Егер сізді аударма үшін мақтаған болса , көп қуанбаңыз. Сзден бұрын аударған адамдар одан да жаман болған» деген тұжырымға сіз қаншалықты к
Автор: Nuray Kalmakhanbetova • Апрель 24, 2022 • Эссе • 612 Слов (3 Страниц) • 292 Просмотры
«Егер сізді аударма үшін мақтаған болса , көп қуанбаңыз. Сзден бұрын аударған адамдар одан да жаман болған» деген тұжырымға сіз қаншалықты келісесіз?
Мен толықтай бұл тұжырыммен келісемін, өйткені аудармашының негізгі қасиеттерінің бірі — эмоционалды тұрақтылық. Ол барда, аудармашы әрбір сынды қабылдай біледі. Тіпті осы жағдайда да клиент я болмаса белгілі бір жеке тұлға сіздің жұмысыңызды мақтаса, оған көп мән беріп, шектен тыс қуанудың қажеті жоқ. Көптеген аударма ісімен енді ғана танысып, бұл кәсіптің қыр сырын енді ғана ұғынып бастап жатқан болашақ маман иелері мұны түсіне бермейді. Былайша қарап отырсақ, бұл өте өзекті әрі терең тақырып. Аударма ісінде нағыз актуалды сұрақтардың бірі деп айтсақ та болады. Өйткені бір жағынан аудармашыға неғұрылым көп мадақтаулар мен ілтипат білдірсе, соғұрылым оның өзіне деген сенімділігі көбейеді, және сол сенімділікті жоғалтпай әрі қарай жетісіктерге жету үшін бұл оған үлкен шабыт пен мотивация сыйлайды, ал екінші жағынан, сол сенімділік оның осал жеріне айналуы әбден мүмкін, себебі мақтау сөздерге іліккен сайын оның мінсіздігіне деген сенім қалыптасса, жұмыста үлкен проблемалар туындайды. Осы сұраққа қатысты мен бірнеше белгілі аудармашылардың сұхбаттары мен кеңестерін ескере отырып аналитикалық есеп жүргіздім.
Мануэль Мартин-Игуасель есімді ағылшын-болгар тілі маманының пікірінше: “немқұрайлы аудармашыға ескерту жасаудан гөрі, кәсіби әрі ұқыпты аудармашыны мақтаған артық”. Яғни, ол ашық түрде өзінің мақаласында аудармашыларды жақсы жұмыс үшін мақтауды қолдайтынын білдірді. Алайда дәл сол мақалада: “Кейде жұмыс тәжірибесі жоқ, тіпті білімі жеткіліксіз, әрі жоғарғы оқу орнын бітірмеген жас аудармашылар өздерін тәжірибелі санайды”,— деп айтқан болатын. Сондықтан да басымен мақтауға салынып, өздерін бекер жақсы кәсіби аудармашы санайтын адамдарға еріп кетпеген жөн. Себебі олар өздерін жоғары санап ірі-ірі жұмыстарға кіріскісі келеді, ал өздерінің шамасы келмейтінін түсінбейді. [статья “Качественный перевод и что для этого нужно”]
Дәл сол мақалада аудармашылардың үнемі байланыста болуының қажеттілігі жайлы айтылып кеткен. Автордың айтуы бойынша, өкінішке қарай, кейде аудармашыларға алғыс айтуға немесе жағымды пікір қалдыруға уақыт жетіспейді. Көбінесе қандай-да бір ескерту, сөгіс, қателік болған кезде ғана жазуға тура келеді. Әрине, әрдайым тек осындай негативті нәрселерді естігенде, жұмысқа деген құлшыныс өше бастайды. Мін тапқан сайын маман өзінің жұмыс сапасына күмәнданады. Осы себептен де аудармашылармен байланыс, басшылық пен оның құрамындағы қызметкерлер арасында қолайлы қарым-қатынас орнату үшін, анда-санда жағымды сөз айтудың зияны жоқ.
...