Аударма процесінің мәні
Автор: Ailinkaaa • Декабрь 19, 2018 • Практическая работа • 13,424 Слов (54 Страниц) • 1,619 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
«Тұран» университетінің колледжі
Колледж университета «Туран»
Мамандығы 0512000 Аударма ісі
Специальность 0512000 Переводческое дело
ОҚУ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ
ЕСЕБІ
Орындаған топ оқушы:
Выполнил(а) обучающийся(аяся) группы СПД-16-5:
Амангелдиева Айлина
Тексерген:
Проверил(а):
Преподаватель Кургенбаева М.Е.
Алматы 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
БӨЛІМ I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1. Аударма процесінің мәні 4
1.2. Аударма анықтамасы. Сөздік және сөздік сәйкестіктері. 6
1.3. Тар және кең контекст 10
1.4. Сөздердің кейбір санаттарын аудару 11
БӨЛІМ II. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 14
2.1.Мәтіндермен жұмыс 14
2.2. Ағылшын-қазақ аудармалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНҒАН АҚПАРАТТАР ТІЗІМІ 36
ҚОСЫМША 37
КІРІСПЕ[pic 1]
Оқу технологиялық практикасының жүргізу мақсаты — тәжірибелік және практикалық оқыту барысында өзін-өзі жаттықтыру, жетілдіру және білімі мен құзіреттіліктерін арттыру , ақпараттық компентация және коммуникативтік компетенция ретінде қарастыру.
Негізгі компентенция білім мен құзіреттілікті қарастырады және іс-әрекетке тез бейімделуінің дайындығын көрсетеді, келісім шартқа отыру, оның шығармашылығы, даму заңдылығы , кәсіби еңбекке деген қарым-қатынасы - бұл оқытудың нәтижесі.
Оқу – технологиялық практикасының міндеттері:
Оқу-тәжірибесінде аударма ісі мамандығында негізі білімділіктер мен құзіреттіліктерді қамту.
Аударма тәжірибесі мен практикасы құзіреттілігін қамту, тәжірибенің заң бойынша сәйкес келуі, аударма барысындағы мәдени адаптациясы , аударма трансформациясының түрлерін білу;
Коммуникативті-прагматикалық аударма түрін меңгеру, кәсіби, ғылыми, газет-журналдар публицистикасы, жарнамалық мәтіндер, ырғақты сөз тіркестері және поэзиялық ерекшеліктері.
Мамандыққа деген қызығушылық және тәжірибені жақсы меңгергендігін түсіне білу;
Аударманың құрылымын және аударманы қарқынды түрде істей алу қабілетін дамыту, болашақ аудармашының кәсіби сапасы, аудармашы жұмысына дәйекті көзқарасы;
Тәжірибелік білімін қалыптастыру , барлық түрлерді және оқыту әдісін құзіреттілігін қалыптастыру, сонымен қатар оқу-технологиялық тәжірибесін және кәсіби тәжірибені білу.
Оқу – технологиялық практика болашақ аудармашыларға аударманың теориялық негіздерінен білімін кеңейтуге, алдағы тәжірибелік жұмыстарында жинақтаған білімдерін іс жүзінде қолдануға септігін тигізеді.
Оқу – технологиялық практика тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.
БӨЛІМ I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Аударма процесінің мәні
Аударма — әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша туындылары қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының туындылары да басқа тілдерге аударылып келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, беки түседі.
...