ХІХ ғасырда психологияның ғылым ретінде дамуы
Автор: ss043086 • Март 10, 2021 • Реферат • 5,344 Слов (22 Страниц) • 617 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педогогикалық университеті
[pic 1]
[pic 2]
Тақырыбы:
[pic 3]
Орындаған: Жұмаділлаева Тоғжан
Қабылдаған: Багибаева Майгул Илиясовна
Пәні: Психология тарихы
Мамандығы: Психология – 6В03102
Алматы – 2021
ХІХ ғасырда психологияның ғылым ретінде дамуы
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХІХ ғ. басталған жаратылыстану ғылымдармен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстардың нәтижесінде психологияға экспериментальдық әдіс енді (Г.Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И.М.Сеченов. И.П.Павлов). Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың рөлін анықтауға, жоғары психикалық әрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағыттанып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып, қалыптаса бастады, нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
- И. Гербарттың ғылыми мектептеріне талдау жасаңыз.
Неміс философы Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) бір ғасыр өткенде
Лейбництің бейсана туралы жазбасын әрі қарай дамытып, сана шегі концептісін жасады. Гербарт «механикалык уакыт рухының ықпалымен, белгіленген шектен
төмен орналасатын идеялар бейсана деп есептеледі» деді. Идея саналы деңгейге карай жоғарыласа, ол саналы түрде сезілген идея болғаны, яғни (Лейбництің терминімен айтқанда) апперцепция деп түсіндірді. Идеяның саналы деңгейге көтерілуі үшін ол саналы деп танылған идеялармен үйлесімді болуы керек. Саналы
әрекеттерге сай келмейтін идеялар бір уакытта санада өмір сүре алмайды және ол
санадан кетуге мәжбүр, өйткені ол тыйым салынған идеялардың катарына енеді. Тыйым салынған идеялар (Лейбництің перцепциясы тәрізді) сана сызығының төменгі жағында орналасады. Гербарттың пікірінше, идеялар арасында конфликт туындайды, себебі олардың барлығы саналы түрде жүзеге асуға таласады.
XVIII ғ. Германияда адам мен табиғатқа қатынасты нақты психикалық құбылыстарды фактілерді зертеу тендециясы пайда болады. Бұл пікірді ұсынған, белгілі педагог және психолог И.Ф.Гербарт неміс эмпирикалық психологияның негізін салушы. Гербарт ассоциативті психологияны жақтаушы болды және тәжірибиеге негізделген психологияны құрмақшы болды, оның пәні сананың құбылысы, фактілер қажет болуы қажет. Гербарттың психологиясы екі бөліктен — «Рух статикасы» және «Рух динамикасынан» құрылады. Рух статикасының пәні тыныштық кезеніне жүргізілген зертеулер нәтижесінде алынған көрсеткіштер болып табылады. Рухтын динамикасының пәнін санадағы елестердің қозғалыс шартын анықтау құрайды. Елес өзінің анықтық дәрежесіне байланысты үш аймаққа бөлінеді; айқын сана- мұнда айқын саналық қасиетке ие елестер орналасады; сана- мұнда айқын емес елестер орналасады; қаранғы басқалармен жойылған елестер, санасыздық болады. Сананы елестің қарқындылық белгілеріне б-ты үш аймаққа бөлуде Лейбниц әсері байқалады. Рухани өмір- бұл елестердің тоқтаусыз қозғалысы. Сананың бір аймағын екіншісінен бөлектеп тұратын шекераны, Гербарт табалдырық деп атады. Айқын сана мен сана арасындағы шекераны айқын сана табалдырығы деп атады, ал айқын емес сананы санасыздық арасындағы шекераны сана табалдырығы деп атады. Гербарт енгізген табалдырық түсінігін кейіннен П.Фехнер қолданды. Гербарт психологиясында барлық рухани өмір елестердің әрекетінің нәтижесі болып табылады. Гербарт өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның әйгілі өкілі М.В.Дробиш (1802-1896) – математик, логик, философ, идеалист жіне психолог- популяризация және оның жүйесінің таралауына көп еңбегін сіңірді. Гербарттың тағы да бір ізбасары В.Ф.Фолькман өзінін «Психология» бойынша оқулығында (1856) психикалық құбылыстар жайлы жаңа мәліметтер берді.
...