Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Автор: Yespolsynoff • Март 2, 2021 • Практическая работа • 1,199 Слов (5 Страниц) • 1,429 Просмотры
Страница 1 из 5
[pic 1]
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» МЕКТЕБІ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» ҒББД 1-ЖАЗБАША ТАПСЫРМА
Тақырыбы: «Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері»
Орындаған: «Менеджмент» мамандығының І курс студенті Есполсынов Ерген
Қабылдаған: Менеджмент кафедрасының доценті Зурбаева А.Б.
Алматы, 2020
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Қай саланы алып қарасақ та, әрқайсысының өзіндік тарихы, тамыры болады. Менеджменттің негізі біздің дәуірімізге дейінгі қаланған және көптеген менеджерлер жалпы алғанда тарихи мәліметтердің пайдасы бар екенімен келіседі. Мысалы, AT&T’s Bell зертханасының негізін салушы Ян М.Росс өзінің көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуына Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Уинстон Черчилдің іс-әрекеті зор ықпал етті деп бірнеше рет атап өткен. Менеджерлердің қазіргі бизнестің мәселелеріне байланысты деп атап өтетін классикалық шығармалар қатарына Платонның «Мемлекеті», Гомердің «Илиадасы» және Макиавеллидің «Патшасы» кіреді [1]. Бұл өз кезегінде менеджментттің бүгінгі қарқыны өткен тарихымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.
Менеджмент саласындағы жетістіктер, жүргізілген зерттеулер, ашылған жаңалықтар мен фактілер б.д.д. 3000 жылы бастауын алған басқарушылық өнерінің жемісі мен жеңісі.
Басқару қызмет түрі қазіргі уақыттағы ғылым түрінде бірден қалыптаспағандығы, менеджмент тарихы ерекше ғылыми білім мен қызмет түрі ретінде ежелгі өркениеттен бастау алған анық нәрсе. Мысырлықтар пирамида салуда менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау қызметтерін қолданған. Ұлы Александр Македонский әскери жорық кезіндегі шараларды ұйымдастыратын арнайы адам жалдаған. Рим империясы байланыс пен бақылауды барынша жеңілдету үшін жақсы құрастырылған ұйымдық құрылымды қолданған.
Сократ та басқаруды түсіну адам қызметінің ерекше саласы ретінде беріледі. Ол басқарудағы ең бастысы қажетті адамды қажетті орынға қою, алдына қойылған міндеттерді орынлауға қол жеткізу екенін айтқан болатын. Платон біздің дәуірімізге дейінгі 350 жылы еңбекке мамандануды сипаттаса, әл-Фараби адамның көшбасшылық қасиеттеріне сипаттама берген [2]. Осыған байланысты өз жұмысында Швед кәсіпқойы Бенгт Карл және Клод Джордем «Іскерлік стратегия» басқару континууимында жоғарыдағы ойшылдардың көзқарастарын дәлел ретінде анықтап, біздің дәуірімзге дейін 3000 жылдан бастап менеджменттің дамуын сипаттайды[3].
Қазіргі заманғы басқару ғылымының пайда болуы ХХ ғасыр басына жатады. Және Ф. У. Тейлор, Френк және Лилиан Гилбрет және Генри Ганттың есімдерімен байланысты. Бұл мектептің маңызды еңбегі экономикалық, техникалық және әлеуметтік экспериментке, сондай-ақ басқарушылық үдерістің құбылыстары мен фактілерін ғылыми талдауға және оларды жинақтауға сүйене отырып, «ғылыми» басқаруға болатындығы болды [4]. Тейлорды зерттеу әдісі Физикалық еңбек процесін және оның құрамдас бөліктеріне (орындаушылық және өкімдік еңбек) бөлу және кейіннен осы бөліктерді талдау болып табылады. Тейлордың мақсаты эксперименталды мәліметтер негізінде және физикалық еңбек процестерін талдау және оны ұйымдастыру негізінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесін құру болды. Тейлордың маңызды үлесі басқару бойынша жұмыс-ол белгілі бір мамандық екенін мойындау болды. Тейлор жүйесінің негізгі міндеті кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің мүдделерін жақындату деп есептейтін.
Бұл мектептің дамуы 1920-1950 жылдар аралығына келеді. Бұл мектептің негізін қалаушы-Француз тау-кен инженері, тәжірибелі менеджер, басқару теориясының негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль. Негізінен жеке жұмысшы еңбегін ұтымды ұйымдастыру мәселелерімен және өндірістің тиімділігін арттырумен айналысатын ғылыми басқару мектебінен айырмашылығы, классикалық мектеп өкілдері жалпы ұйымды басқаруды жетілдіру тәсілдерін әзірлеумен айналысты. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап принциптерін құру болды. Файоль және басқалары ұйым әкімшілігіне қатысты, сондықтан классикалық мектепті әкімшілік деп атайды. Файольдің еңбегі-ол басқарудың барлық функцияларын жалпы, қызметтің кез келген саласына қатысты және өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысты ерекше функцияларды бөлгені. Файольдың еңбегін ары қарай жалғыстарған Линдал Урвик, Л. Гьюлик, М. Вебер, Д. Муни, П. Слоун және Г. Черч секілді ғалымдар. Файольдің және оның ізбасарларының әзірлемелері негізінде төрт басты қағидатқа негізделген ұйымның классикалық моделі қалыптасты: еңбектің нақты функционалдық бөлінуі; жоғарыдан төмен қарай командалар мен өкімдерді беру; билік бірлігі (ешкім бір бастықтан артық бастыққа жұмыс істемейді); «бақылау ауқымын» сақтау (бағыныштылардың шектеулі санына басшылықты жүзеге асыру).
Ғылыми Басқару Мектебі мен классикалық мектеп кемшіліктерінің бірі-олар ақырына дейін ұйымның тиімділігінің негізгі элементі болып табылатын адам факторының рөлі мен мәнін жете түсінбеуі. Сондықтан классикалық мектептің кемшіліктерін жойған психология және адами қатынастар мектебін жиі неоклассикалық мектеп деп атайды. Өндірістің практикалық міндеттеріне психологиялық талдауды қолдануға алғашқы талпынысты АҚШ-тың Гарвард университетінің профессоры Г. Мюнстерберг қабылдады. Біздің жүз жылдықтың 20-30 жылдары адами қарым-қатынас мектебі пайда болды. Психология және адами қарым-қатынас мектебінің басты ерекшеліктерінің бірі оған бихевиоризмді, яғни адам мінез-құлқының теориясын енгізу болып табылады. Психология және адами қатынастар мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Гарвард Университеті бизнес мектебінің профессоры Элтон Мэйо. Психология және адами қарым-қатынас мектебіне жанасатын ғалымдардың зерттеулерінде адамдардың ұйымдағы мотивациясы мәселелері үлкен орын алады.
Басқарудың ғылыми мектебінің қалыптасуы математиканың, статистиканың, инженерлік ғылымның және олармен аралас басқа да білім салаларының дамуымен байланысты. Бұл мектептің ең танымал өкілдері – Р. Акофф, Л. Берталанфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Д. Фосрестер, Р. Люс, Л. Клейн, Н.Джорджеску-Реган. Басқару Ғылыми мектебі 50-жылдардың басында қалыптасты және қазіргі уақытта да табысты жұмыс істейді. Басқару ғылым мектебінде екі басты бағыт бар: 1. Жүйелік, үдерістік және жағдайлық тәсілдерді пайдалана отырып, өндірісті «әлеуметтік жүйе» ретінде қарастыру. 2. Математикалық әдістер мен ЭЕМ қолдануды қоса алғанда, жүйелік талдау және кибернетикалық тәсілді қолдану негізінде басқару мәселелерін зерттеу. Басқару ғылым мектебінің еңбегі оның ұйымға әсер ететін негізгі ішкі және сыртқы айнымалыларды (факторларды) айқындай алды. Екінші бағыт басқару ғылым мектебін нақты ғылымдардың, ең алдымен математиканың дамуымен байланысты. Қазіргі жағдайда көптеген ғалымдар бұл бағытты жаңа мектеп деп атайды. XIX ғ. экономикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолданудың басталуы француз экономисі А. Каунот (1801-1877) атымен байланыстырады. Осылайша, басқару шамамен жеті мың жыл бұрын пайда болды, бірақ XIX ғасырдың аяғынан бастап, әсіресе ХХ-шы жылдары, әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың дамуымен менеджмент дербес білім саласына, яғни ғылымға бөлінді [5]. ХХ ғ.басқару ойының дамуындағы жаңа кезеңнің қалыптасуымен сипатталады. Алдыңғы кезеңдерде ұсынылған идеялардың синтезі негізінде зерттеушілер басқарудың кешенді тәсілінің қажеттілігін түсінуге келді. Сонымен қатар, басқару-бұл ғылым ғана емес, өнер деген пікір қалыптасты. Батыс менеджменті – бұл ең алдымен өзінің құндылықтарымен, нормалары мен заңдарымен ерекше субмәдениет. Екінші жағынан – бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті техникалық рәсімдер мен әдістердің жиынтығы, жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеу және бақылау жөніндегі нақты іс-әрекеттердің сомасы. Бүгінде нарықтық экономика оған барабар басқару жүйесін талап етеді, ол барлық қоғаммен бірге түбегейлі өзгерістерге ұшырауы тиіс. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында басқарудың теориясы мен практикасын үздіксіз жетілдіру табыстың маңызды факторы болып табылады. Шетелдік басқарудың озық және прогрессивті тәжірибесін зерделеу және оны меншікті басқару проблемаларын талдау кезінде пайдалану үлкен мәнге ие болады. Сондықтан шетелдік менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің даму тарихын зерделеу өте өзекті. Нарықтық қатынастар негізінде экономиканы қайта құрудың қазіргі заманғы жағдайларында оның басым бағыттарының бірі отандық ұйымдардың практикалық қызметінде менеджментті пайдалану бойынша негізгі теориялық және әдіснамалық ұстанымдарды әзірлеу болып табылады. Басқару ойының негізгі ерекшелігі басқару жүйесін жетілдірудің жаңа нақты және жолдарын іздеу, нарықтық жағдайларға қатысты және алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені шығармашылық пайымдау негізінде басқарудың әртүрлі проблемалары бойынша ұстанымды әзірлеу болып табылады.
Ұйымның экономикасы тұрғысынан ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ең маңызды нәтижелер ситуациялық тәсіл аясында алынды. Ситуациялық тәсілдің мәні мынада: басқару формалары, әдістері, жүйелері, стильдері қазіргі жағдайға байланысты айтарлықтай өзгеруі керек, яғни жағдай орталық орынды алуы керек. Бұл белгілі бір уақытта ұйымға қатты әсер ететін жағдайлардың нақты жиынтығы. Басқаша айтқанда, жүйелік тәсіл теориясы бойынша ұсыныстардың мәні ұйымның мақсаттарына және осы мақсатқа қол жеткізуге болатын нақты жағдайларға байланысты ағымдағы, нақты ұйымдастырушылық және басқарушылық мәселені шешу талабы болып табылады. Яғни, басқарудың әртүрлі әдістерінің жарамдылығы жағдаймен анықталады.
Ситуациялық тәсіл басқару теориясының дамуына үлкен үлес қосты. Онда қазіргі жағдайға және ұйымның сыртқы және ішкі ортасының жағдайларына байланысты ғылыми ережелерді басқару практикасына қолдануға қатысты нақты ұсыныстар бар. Ситуациялық тәсілді қолдана отырып, менеджерлер белгілі бір жағдайда ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге қандай әдістер мен құралдар жақсы ықпал ететінін түсіне алады.
Осылайша, біз менеджмент дамуының негізгі кезеңдерін сипаттай аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл – 768 бет.
Wren and Bedeian, The Evolution of Management Theory.
Белоусов В.М. История развития концепций менеджмента. – М.: Знание, 2001.
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. /Пер. с англ. – М.: Дело, 2000 – 704 с.
Менеджмент. / Под ред. М.М. Максимцова, А.В. Игнатьевой. – М., 1998.
...
Доступно только на Essays.club