Ғылым тарихы мен философиясы: пәні, мақсат-міндеттері, функциялары
Автор: 900107400660 • Май 12, 2019 • Лекция • 3,241 Слов (13 Страниц) • 2,832 Просмотры
Дәріс 1. Ғылым тарихы мен философиясы: пәні, мақсат-міндеттері, функциялары\
Ғылым философиясы – ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысың қамтиды.
Пəні: ғылым философиясы келесі сұрақтарға жауап беруге бағытталған: ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері қандай? Ғылым қандай əдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым еместің айырмашылығы неде? Философия, діндік сана, жалпы əлеуметтік-мəдени контексте ғылыммен қандай өз-ара байланыс түрлері қалыптасады?
Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы 19 ғ. Бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған.
Ғылым философиясының қалыптасу себептері:
1. Институционалдық революция – профессияландыру /қызметтендіру/.
Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Биілік табиғаттану ғылымдарында болған сон.
2. Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар ғылыми пəндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, əлеуметтану, тарих, психология. Əдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды.
Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде – техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымының түйіскен жерінде – астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан.
Дәріс 2. Ғылым ұғымының анықтамасы
Ғылым - білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б.
Ғылым — табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Ғылым ның тарихи бастаулары. «Ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды» және енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық; 2) өндіргіш күштер функциясы; 3) әлеуметтік күштер функциясы. Лингвистика ілімі ғылым ретінде. Лингвистика ілім философияның бір бөлімі ретінде
Дәріс 3. Ғылым тарихы мен философиясы: статусы мен пəні.
Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болган сон оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. алғашқы қоғамның ғылымы /пранаука/; 2. антика ғылымы; 3. орта ғасыр ғылымы;
4. жаңа заман ғылымы /классикалық/; 5. қазіргі ғылым /постклассикалық /.
Қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Антика ғылымы – бұл фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген эмпиризімге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы – Пифагор, стоиктер мен элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тəнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы – Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тəжірибелік табиғатына назар аударды; тəжірибесіз
...