Саясаттану ғылым ретінде
Автор: aubainkar01 • Октябрь 17, 2020 • Реферат • 1,782 Слов (8 Страниц) • 1,022 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
ТАҚЫРЫБЫ: САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
САЯСАТ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ САН АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
САЯСАТТАНУ ПАРАДИГМАЛАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ШЫНДЫҚ РЕТІНДЕ
Орындаған: Аубакирова И.Е ЖБТ-11
Тексерген: Тулебаева М.К
2020
Саясаттану ғылым ретінде
Саясаттану (грек politike- мемлекетті басқару өнері, logos- ғылым, ілім)- саясат туралы ғылым дегенді білдіреді. Саясаттану ғылымдарының қоғамдағы орны және оның қоғамға ықпалы ерекше. Мемлекеттің ұстанып отырған саясаты - халықтың тағдырына әсер етеді. Мысалы, мемлекет соғыс, басқыншылық саясатын жүргізсе, оның салдары ұзақ жылдар бойы сақталады.
Сондықтанда адамзат ерте уақыттан саясатты танып білуге тырысқан. Антикалық дәуірдің ойшылдары қоғамдық құрылыстың түрлері мен олардың қайсысы ұтымды, халыққа ең жақсысы деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп, көптеген тәжірибелерден өткізген.
Ерте заманда саясат жеке ғылым ретінде қарастырылмаған, ол діни-мифологиялық түсінікте болатын. Мысалы, Үндістанда, Вавилонда, Мысырда мифтарда билік құдайдың қолында және ол барлығын өзі реттеп отырады деп сенген. Ал Ежелгі гректерде ең алғашқы билікті жүргізгендер Құдайдың өздеріміз деп санапты.
Біздің з.б бірінші мыңжылдықта Конфуций, Аристотель, Платон секілді ғұламалар саясатты философиялық-этикалық түсінікте қарастырды. Аристотель саясатты адамдардың шынайы келбеті- ашкөздік, көзсіз құмарлық, хайуандық табиғатын тежеп, жалпыға ортақ этикалық, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсіндіреді.
Келесі түсінік діни-этикалық түсінігі қалыптасады. Негізін салушы орта ғасырдағы Фома Аквинский болды. Ол биліктегі адамды құдайдың өзі орнатады, ал егер мемлекетті билеушілер құдайдың қалауына қарсы шықса, оны халық бас көтеріп орнынан алып тастауына болады деп айтқан.
Саясат түсінігін қазіргіге ұқсас етіп қалыптастыруға ықпал жасаған Италияның 16 ғасырында өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық ұғымнан айырып, саяси зерттеудің негізгі - мемлекетті билеу, және оның түрлері мен әдістерін көрсетті. Мысалы, "Государь" кітабында мемлекетті басқару, жаулау, дипломатия, халықаралық қатынастар, мемлекет басшысының халықтың қолдауына ие болуының маңызы секілді саяси ұстанымдарды жазды.
Саясаттану тек 19 ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасқан. Оған бұл кезде тәжірибелік әдістердің көп қолданылуы жақсы әсер етті. Халықаралық мәртебеге ие болып, қоғамда маңызының өсуіне ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдарының халықаралық ассоциациясы үлкен рөл атқарды.
Саясат анықтамасының сан алуан түрлілігі
Ежелгі Грецияда “саясат” сөзінің мағынасын мемлекеттік қызметке байланысты барлық мағынада қолданған. Сонымен, атап айтқандай Платон және Аристотель саясатты мемлекетті басқару деді. Аристотель мемлекетті басқарудың формалаларының ең жақсысы, халықтың құзыреті биік саналатын саясатты жақтады.
Платон саясат мағынасын “бірігіп өмір сүру өнері деп таныды”. Бұл бағыт коммуникакациялық деп аталады.
Директивті тәсілді пайдалана отырып, Италия ойшылы Николло Макиавелли “саясатты тек теориядан турмайтынын, билікке жету және оны ұстап қалу үшін практикада қолданатын әрбір билеуші білу керек ережелер жиынтығы бар” деп айтты.
Ал неміс социологы М.Вебер саясатты – “билікке ұмтылыс деп келтірді. Кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады” деді.
Функционалды тәсілге сүйене отырып Парсонс: “Саясат деген- ортақ мақсаттарға қол жеткізу” деп түсінді.
А.Д Истон саясатты – қоғам ішіндегі құндылықты басқара алатын билік деді.
Институционалдық көзқарас негізінде В.Ленин саясат “қоғам таптарының арасындағы қатынастар мен аймағы, олардың мемлекетке үстемдік таптың құралы ретінде қатынасы” деді.
Егер “саясат” сөзін ғылыми сөздіктен қарасақ “саясат-мемлекетті билеу өнері” деп қарастырылады.
...