Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен мемлекеттік қызметкермін

Автор:   •  Декабрь 25, 2018  •  Эссе  •  294 Слов (2 Страниц)  •  1,610 Просмотры

Страница 1 из 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

                                   Эссе

 

                      Тақырыбы: Мен мемлекеттік қызметкермін

Орындаған: Қабдоллаева Г.С

  МжЖБ, 4 курс студенті

«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»-деп Абай атамыз айтқандай,өмір ғұмырнамасында мейлінше өз қолтаңбамды қалдыру мақсатында, жұдырықтай жүрегімнің жарғысымен , ең алдымен жаратушымның содан кейін ата анамның үлкен қолдауымен осы мемлекеттік басқару мамандығына келдім. Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы қатар жүретіні секілді, менде біраз түсініспеушіліктер мен адаптация процессі шамалы қиындықтар туғызды. Алайда балалық арманның бірте бірте шындыққа ұласып келе жатырғаны менің қанатымды одан әрмен қатайтып, қиялымды қанаттандырғандай. Мен енді бірер уақыттан соң, сусындаған сары құдығымнан құрышым қанып, майдандағы болаттай шыныққан шымыр, қылыштай өткір және өз ісімнің озық шебері екендігімді дәлелдейтін уақытқа жақындап қалғанымды іштей сезінген сәтте бойымды үрей билеп , біресе, менен бақытты адам болмайды.     Бұл мен үшін үлкен жауапкершілікпен халықтың мол сеніміне еге болу әрі «ислам» дінінде негізделген сауапты істердің жалғасын жаршы ету болып табылады. Өйткені, күндікше фәни жалғанда «адам күні адаммен»- демекші, халықтың мұң мұқтажын, жоқ-жітігін жамасып, мінбердегілерге жеткізіп болмаса өзім жүзеге асырып пайдаға жарап, марапат алсам осы менің өз мамандығыма деген махаббатымды одан артық еселері анық. Қорытындылай келе, тілге тиек етер тағы бір тілегім мемлекеттік қызметкерлердің санынан гөрі сапасы артып, мейлінше кәсіптерінің майын ішер майталмандар мол болып, қарға тамырлы қазақ мемлекетінің өркендеуіне аз да болса үлес қосса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Және де мен бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін , керісінше мақтанышпен айтамын!

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (60.1 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club