Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының көлемі және құрылымы
Автор: Juldyz Seitova • Февраль 27, 2019 • Курсовая работа • 5,883 Слов (24 Страниц) • 1,150 Просмотры
Жоспар
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1 Бюджет жүйесі, бюджет тапшылығы және профицит..................................... 5
1.1. ҚР-ның бюджет түрлері мен деңгейлері.................................................. 5
1.2. Бюджет тапшылығы және қаржыландырудың жолдары...................... 15
1.3. Профицит.................................................................................................. 18
2 Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының көлемі және құрылымы ................................................................................................................................ 19
2.1. 2014 жылғы Республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне баға беру........ 19
2.2. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігін талдау................................. 20
2.3. ҚР мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі тапшылықты болдырмау жолдары .......................................................................................................... 22
Қорытынды.......................................................................................................... 23
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................... 25
Кіріспе
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар косындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекетгік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін гана емес, соньшен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» занға жөне Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл зандар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікгі бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару жөне бақылау төртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақтылы жөне сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде үсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссиянықұрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның қүрамын анықтайды.
Тапшылық - Дефицит (латын. deficit — жетімсіздік, жетіспеушілік) - микроэкономикада әлдебір ресурстың (оның ішінде тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі. Мәселен, бюджет тапшылығы- мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі; сауда теңгерімінің тапшылыгы — импорттың экспорттан асып түсуі; төлем теңгерімінің тапшылығы- мемлекет пен оның сыртқы әріптестері арасында ағымдағы есеп айырысу бойынша да, капитал тауарлар мен ақша қозғалысының барлық нысандарының жалпы теңдестірілмегендігі. [1]
...