Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі
Автор: Zhanena • Октябрь 2, 2018 • Лекция • 18,360 Слов (74 Страниц) • 1,820 Просмотры
Тақырып 1. Кіріспе. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі.
Лекция 1.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) объективті қажеттілігі мен оның мәні.
2. Қоғамдық экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілері.
3 ЭМР- дің субъектілері, олардың әлеуметтік – экономикалық және шаруашылық мүдделері.
4. Мемлекеттік реттеудің объектілері: макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары
1-сұрақ. Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканы реттеп отырады. Мұндай реттеу қазіргі нарықтық экономикада әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарағанда біршама тар ауқымда жүзеге асырылғанымен, онда да мемлекеттің экономикалық рөлі маңызды болып табылады.
Мемлекеттің экономикаға араласуының себептері ретінде төмендегілерді атауға болады: -
- Экономика белгілі бір аумақтық кеңістікте ғана дамиды;
- Экономикалық ортаның ұдайы өндірісте болуы мемлекеттің және халықтың негізгі мақсаттарын анықтайды, осы орайда мемлекет экономиканы дамытудың жалпы ұлттық мақсатын анықтау барысында мемлекеттің, халықтың ерекшелігін ескеруі қажет;
- Мемлекет экономикалық мүдделердің тепе-теңдікте болуын қажет етуі керек;
- Мемлекет сұраныс пен ұсыныс арасындағы және ұдайы өндіріс фазалары арасындағы теңсіздікті реттеп отыруы қажет;
- Мемлекет инфрақұрылымды қалыптастырып, дамытуы қажет.
Нарықтық шаруашылықтың дамуы барысында жеке меншік негізінде автоматты түрде шешіле алмайтын экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындап, шиеленісе түседі. Инвестицияға деген қажеттілік туындайды, салалық және жалпы шаруашылықтық дағдарыстар, жұмыссыздық, ақша айналысындағы бұзылыс, әлемдік нарықтағы бәсекелестік мемлекеттік экономикалық саясатты талап етеді. Теориялық негізде мемлекеттік экономикалық саясат пен мемлекеттік реттеу ауқымы жағынан түрлі болып келеді. Мемлекттік экономикалық саясат мемлекеттің шаруашылық өміріне араласпау принципіне де негізделуі мүмкін.
Қазіргі жағдайда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласпауы мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақыттағы мемлекеттік экономикалық саясат пен мемлекеттік экономикалық реттеу терминдері ұқсас болмасада тепе-тең болып отыр.
Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) дегеніміз құқықтық, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және оны өзгеріп жатқан жағдайларға қарай бейімдеу мақсатында жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық және бақылаушылық нысандағы типтік шаралар жүйесі.
ЭМР ұдайы өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бірқатар мәселелерді шешеді. Мысалы: экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдардағы прогрессивтік өзгерістерді қолдау. ЭМР-дің нақты бағыттары, түрлері, ауқымдары белгілі бір елдің нақты кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің нысаны және өзектілігімен анықталады.
ЭМР-дің әр елде әртүрлі үлгілері қолданылады. Бірқатар себептерге байланысты ЭМР-дің дамыған тетігі Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде, атап айтқанда Франция, Алмания, Нидерланды, Австралияда, Испанияда, сол сияқты Жапония, Азия және Латын Америкасының қарқынды дамып келе жатқан бірқатар елдерінде қалыптасқан. Бұл мемлекеттер орта мерзңмдңк макроэкономикалық жоспарлаудың барлық іс-шарларын жүзеге асырған мемлекеттер.
АҚШ, Канада және Австралияда жеке капитал ерекше қозғаушы күш рөлін атқарады, сондықтан экономиканың коньюнктуралық ауытқулар кезінде мемлекеттің реттеушілік қызметі кушееді.
ЭМР-дің рөлі тәуелсіз экономика құрып жатқан дамушы елдерде, мемлекеттік меншік негізіндегі жоспарлы шаруашылықтан жеке меншікке негізделген нарықтық шаруашылыққа көшіп жатқан бұрынғы социалистік елдерде ерекше болып табылады.
ЭМР-дің мәнін түсіну үшін оның қызметтеріне тоқталу қажет. Олар 1-суретте бейнеленген.
1-сурет
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтерінің жүйесі
...