Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1917 жылы Қазақстан территориясында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдар

Автор:   •  Февраль 5, 2019  •  Реферат  •  2,699 Слов (11 Страниц)  •  1,577 Просмотры

Страница 1 из 11

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

[pic 1]

Студенттің өзіндік

жұмысы

Кафедра: Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Дисциплина: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер

Тақырыбы:  1917 жылы Қазақстан территориясында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдар

Факультет:  Стоматология
Топ:  105

Орындаған:  Нурсейтов Саламат Сабитұлы

Тексерген: Молдин Бекзат Акконысулы

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспар:

І.  Кіріспе

      1. 1917 жылғы Ақпан революциясы және қоғамның саяси өміріндегі өзгерістер, алғашқы саяси партиялардың пайда болуы.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Алаш» саяси партиясының құрылуы және оның ұлттық мемлекет қалыптасуы жолындағы қызметі.
  2. Алашорда үкіметінің құрылуы.
  3. Мұсылман үкіметтерінің құрылуы

ІІІ.  Қорытынды.

  1.  Қазақстан аумағында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдардың тарихи маңызы.

VI.  Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

 

        1917 жылғы ақпанның 23-27 –сінде Ресейде патша өкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық ревалюция орын алды. Билік басына келген Уақытша үкімет Германиямен соғысты жалғастыруды, пәрменді әкімшілік аппаратты қайта құруды, түбегейлі саяси және әлеуметтік реформалар өткізуді және шектен тыс орталықтандырылған мемлекетті федеративтік мемлекетке өзгертуді өзінің бірінші кезектегі міндеттері ретінде белгіледі.

       Ақпан революциясын Қазақстанда халық зор қуанышпен қарсы алды.  1917 жылдың сәуір-мамыр айларында бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің ұлттық комитеттерін сайлаған облыстық және уездік қазақ сьездері өтіп, Қазақстанның ары қарайғы тағдыры талқыланды. Наурыз айында-ақ «Қазақ» газетінің қызметкерлері саяси партияларға өте бастады.

       Ұзақ дайындықтан кейін шілденің 21-28-інде Орынборда өткен Жалпықырғыз (жалпықазақ) сьезінде партия құру, бағдарлама жасау және Құрылтай жиналысына сайлауға дайындалу туралы шешім қабылданып, қазанның 5-інде партия қазақтардың аңызға айналған ата-бабасының атымен «Алаш» деген атау алды.

«Алаш» саяси партиясының құрылуы және оның ұлттық мемлекет қалыптасуы жолындағы қызметі.

        ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің аса маңызды, ерекше құбылыстарының бірі еуропалық деңгейде, көбінесе Ресейде білім алып, ағарған қазақтардың әлсіздеу, бірақ бастамашыл және беделді тобының пайда болуы еді. Нақ осы зиялы топ ішінде сауаты аз, білімсіз қазақ жұршылығын орыс билігінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан құтқаруды көздеген патриоттық идея туған-ды. Бұл қозғалыс өзінің атауын қазақтардың аңыздағы ханы – Алаш ханның есімінен алған. Қазақ сөзіне теңдестірілген «Алаш» атауында қазақтардың барлық жерлерін біртұтас билікке біріктіру идеясы, сонымен қатар тәуелсіз Қазақ мемлекеті, ұлттық мүдделерді қорғау жүйесіндегі негізгі құрал туралы идея іске асқан-ды.

       Орал қаласында 1917 жылғы сәуірдің 19-ы мен 22-сі аралығында Орал облыстық сьезінің бірінші отырысы өтіп, онда Халел Досмұхамедов төраға  болып сайланды. Бұл жиын өзіндік күш сынау іспетті болып, жалпыұлттық сьезд өткізу үшін аралық кезеңге айналды.  

       1917 жылғы қарашаның 21-інде «Алаш» партиясы бағдарламасының жарияланған жобасында: «Ресей демократиялық федеративтік республикаға айналуға тиіс. Федеративтік республикадағы әрбір жеке мемлекет дербес және бірдей құқықтар мен мүдделерге басқарылады. Үкімет басында – Құрылтай жиналысы, ал аралықтарда Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайланатын президент тұрады. Президент Министрлер кеңесі арқылы басқарады және Құрылтай жиналысы мемлекеттік Дума алдында жауап береді. Заң шығарушы билік үкіметі бақылап отыру құқы берілген Мемлекеттік Думаның қолына ғана шоғырланды. Сайлау құқын шыққан тегіне, қай дінді ұстанатынына және жынысына қарамастан, барлық адамдар пайдаланды. Депутаттардың дауысы төте тең және жасырын дауыс беру жолымен өткізіледі», - деп жазылған. Ары қарай бағдарламада төмендегідей ережелер қамтылған:

...

Скачать:   txt (36.1 Kb)   pdf (268.9 Kb)   docx (623.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club