ҚР АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктері мен тетіктері
Автор: exmess • Март 27, 2021 • Курсовая работа • 19,666 Слов (79 Страниц) • 419 Просмотры
ГМУ
36. ҚР АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктері мен тетіктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.............................................................................................................. | 4 | |
1 АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ................................................................................................................ | 9 | |
1.1 | Агроөнеркәсіптік кешен және оның дамуы................................................ | 9 |
1.2 | Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу | 15 |
2 ҚР АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМТЫУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕР АСЫРУ ШАРАЛАРЫН ТАЛДАУ............... | 23 | |
2.1 | Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жағдайын талдау.............................................................................................................. | 23 |
2.2 | Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырылуын талдау................................................... | 37 |
3 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ......................................................... | 49 |
3.1 | Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін қалыптастырудың басым бағыттарын жетілдіру жолдары................................................................... | 49 |
3.2 | Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық потенциалын мемлекет тарапынан көтеру бағыттары............................. | 58 |
3.3 | Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыруды мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру.................................................................................. | 63 |
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. | 72 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ............................................. | 75 |
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу керек болды. Кез келген елдің экономикасында агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші роль атқарады. Еліміздің әлемдік сауда ұйымына кіруі ауыл шаруашылық өнім өндірушілері үшін - дақылдардың сапасын, өнімділігін арттыру керек. Сапалы өнім алу, өнімділікті жоғарылату бірінші кезекте қызмет көрсететін орталықтардың техникалық базасын жетілдіру. Алдыңғы қатарлы экологиялық қауіпсіз техникамен, технологиямен жабдықталуын тиімді ұйымдастыруын қажет етеді. Сонымен қатар өндіріс тиімділігін жоғарлатуға алып келетін инновациялармен жаңа технологияларды енгізу негізгі функциясы болып табылады. Агроменеджерлерді жалдау әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім өңдіруге негіз болады. Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіптік кешенінде жүргізілген реформаның негізгі мақсаты өндірістің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы халықты азық- түлік пен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын тиімді дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын материалдық - техникалық ресурстармен, өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындарға, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын техникалық және жөн - жобалық көмек көрсетуші фирмаларға көңіл аудару.
...