Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР АӨК мен Қаратал ауданының ауылшаруашылығының дамуы және елдің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытудағы мемлекеттік шаралар жүйесі

Автор:   •  Май 14, 2019  •  Дипломная работа  •  20,420 Слов (82 Страниц)  •  738 Просмотры

Страница 1 из 82

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Қазақстан экономикасында аграрлық сектордың орны мен мазмұны ...............5

1.1 Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымның мәні, түсінігі және жіктелуі.........................................................................................................................5

1.2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі............................16

1.3 Өсімдік және мал шаруашылығы салаларының экономикасы.......................26

2 ҚР АӨК мен Қаратал ауданының ауылшаруашылығының дамуы және  елдің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытудағы мемлекеттік шаралар жүйесінің іске асырылуын талдау..............................................................................................26

2.1 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен Қаратал ауданы ауылшаруашылығының  ағымдағы ахуалын талдау..............................................26

2.2 Елдің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытудағы мемлекеттік шаралар жүйесініңң іске асырылуын талдау.........................................................................40

3 Ауылшаруашылығы кооперациясына тарту және АӨК-ні мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру жолдары................................................................................51

3.1 Ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту............................................................................................................................51

3.2 АӨК-ні мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру..........................................56

3.3 Субсидиялау, кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру жолдары....................................................................................................59

        Кіріспе

Дипломдық жұмыстың  өзектілігі. Аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшін де, экономикалық және әлеуметтік аспектілерде де стратегиялық маңызды болып саналады. Ауыл шаруашылығы —Қазақстан экономикасының өзекті салаларының бірі, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Қазақстан — ауылшаруашылық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын дамыта алатын елдердің бірі. Ауыл шаруашылық саласын қолдау — мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі, өйткені ұлттық экономиканың бұл саласы нарық пен бәсекеге аз икемделген.

Қазақстан Республикасының АӨК-сі әрі қарай дамыту үшін жақсы перспективаларға ие: майлы, етті секторлардың экспорттық позициясы күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан қысқа мерзімде әлемдегі ірі экспорттаушы елдердің қатарына кірді. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілікке жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, АӨК-ні мемлекеттік реттеудің рөлі аса маңызды.

Тәуелсіздік кезеңінде тоғыз бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылды: 1991 - 1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған "Ауыл" әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, АӨК-ні дамытудың 1993 - 1995 және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы, Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы, 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, АӨК-ні тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР АӨК-сін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы, АӨК-ні дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама және ҚР АӨК-сін дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы.

Тамақ өнімдерінің анағұрлым сұранысқа ие түрлеріне баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мақсатында бәсекеге қабілетті өнімді бастапқы қайта өңдеу, сақтау мен өткізу үшін қолайлы жағдай және инфрақұрылым жасау жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаумен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажет.

ҚР АӨК-сін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында белгіленген Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына және "Қазақстан-2050" стратегиясына сәйкес әзірленді. Аталған Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты айқындауда бағытталатын болады.

...

Скачать:   txt (298.4 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (819.1 Kb)  
Продолжить читать еще 81 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club