Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығындар
Автор: Nurikess • Сентябрь 10, 2018 • Лекция • 2,322 Слов (10 Страниц) • 1,274 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ КОЛЛЕДЖІ
Үлестірмелі материал
Тегі, аты-жөні_____________________________
Топ____________________________________________
Мамандық 0516053 – Қаржы жұмысы бойынша экономист біліктілігі
АҚША, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ
Модуль 1
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі
Модуль 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі
Модуль 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Модуль 3. Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығындар
Алматы, 2018
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_____________А.К.Калмагамбетова
«____»____________2018 ж.
ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ
МОДУЛЬ 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі
Пән атауы «Ақша, қаржы және несие»
Мамандық атауы
0516053 – Қаржы жұмысы бойынша экономист біліктілігі
Біліктілігі0516053 – Қаржы жұмысы бойынша экономист біліктілігі
Кредит саны – 2
Бұл белсенді үлестірмелі материал жұмыс кітабы болып табылады. Кітапшада тәжірибелік тапсырмалар, студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар қамтылған.
Оқу материалының жүйесі модуль мазмұнын ұғыну және оқытушының көмегінсіз өз бетімен тапсырмаларды орындауы үшін ұйымдастырылған.
Тапсырмалар мен жаттығулар қарапайымнан күрделіге қарай қатаң ретпен дайындалған.
2015 жылғы типтік оқу бағдардламасы және мамандықтардың жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Оқытушы: Камалбеков Мади Куттыбекович
«Арнайы пәндер» пәндік циклдік комиссия отырысында қаралып, мақұлданды
Төрағасы _______________Бутабаева Н.К.
Хаттама №1 (__________________2018 ж.)
Келісілді:
Директордың ғылым ісі жөніндегі орынбасары: _______ Кибарина Е.И.
«___________________» 2018ж.
1 - ТАҚЫРЫП
Қаржы туралы жалпы түсінік, қызмет етуі және басқарылуы
Дәріс жоспары:
1. «Қаржы» түсінігі – құндық экономикалық категория.
2 Қаржының қызметтері.
3. Қаржы қызметтеріне экономистер көзқарастарының дамуы.
4. Қаржылық ресурстар: қаржылық ресурстар көздері, өсу факторлары.
Қаржы – бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақшалай қатынастардың айтарлықтай бөлігін қамтитын тарихи түрде қалыптасқан эко-номикалық категория. Экономикалық өмірде қаржы сыртынан қоғамдық өндіріске әртүрлі қатысушылардың ақшаларының қозғалысы түрінде көрінеді және қолма-қол ақшасыз немесе ақшалай есеп айырысу және төлем түрінде ақша сомасын қоғамдық өндірістің бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді.
Қаржы «financia» латын тілінен аударғанда қолма-қол ақша, кіріс деген ма-ғынаны, кең мағынада алғанда, ақша-қаражаттары, ақшалай айналым деген мағы-на береді. Ақша қаржының болуының міндетті шарты болып табылады. Сондық-тан көбінесе «қаржы» түсінігін «ақша» түсінгімен ауыстырып түсінеді. Бірақ бұл екеуі әртүрлі, бірақ өзара байланысты түсініктер. Қаржы мазмұны бойынша да, орындайтын қызметтері бойынша да ақшадан айтарлықтай бөлек болып келеді.
Ақша-бұл ерекше тауар. Тауар ретіндегі ақшаның ерекшелігі-ол барлығына ортақ эквивалент, оның көмегімен тауар өндіруші жұмсаған еңбек шығындары өлшенеді. Ақшаның негізгі бағыты оның бес қызметі арқылы көрінеді. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, жинақтау құралы, дүниежүзілік ақша.
...