Сүзілудің жалпы теориялық заңы
Автор: alibek9148 • Декабрь 21, 2017 • Реферат • 2,623 Слов (11 Страниц) • 2,223 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 2]
«Мұнай-газ ісі» факультеті
КУРСТЫҚ ЖОБА
«Дарсидің сызықтық заңын пайдалана отырып берілген ұңғыманы зерттеуде қабаттың өткізгіштік коэффициентін анықтау»
Мамандық коды және атауы: 5В070800 Мұнай-газ ісі
Тобы: МГІ-15/3 қ/б
Орындаған: Шәмбіл Ә.Б
Тексерген: Каримова.А.С.
Атырау 2017
Жоспары:
Кіріспе | 4 |
1.Сүзілудің жалпы теориялық заңы | 5 |
1.1 Дарси заңы - сүзілудің сызықтық заңы | 7 |
1.2. Дарси заңы қолдану шегі.Сызықтық емес сүзілу заңдары | 1 |
1.3. Кеуекті ортадағы сұйықтықтың бірөлшемді тұрақтанған ағымдары | |
2. Есептеу бөлімі | 1 |
3.Қорытынды | 1 |
4. Пайдаланылған әдебиеттер | 1 |
Кіріспе
Жерасты гидромеханикасы сұйықтықтардың,газдардың және олардың қоспаларының кеуекті және жарықшақты тау жыныстарында сүзгіленуі туралы ғылым болып табылады.Сүзгілеу ағымы, яғни кеуекті немесе жарықшақты ортадағы сұйықтықтың (газдың, газ бен сұйықтық қоспасының) ағымы жерасты гидромеханикасының обьектісі болып табылады.Жерасты гидромеханикасы мұнай және газ кенорындарын игеру және мұнайгазды алу технологиясы теориясының құрам бөлігі болып табылады.Жерасты гидромеханикасының заңдарын білу берілген қабат жағдайы үшін кенді игерудің ұтымды режимдері мен жүйелерін таңдауда қажет.
Кенді игерудің гидродинамикалық модельдеуі жерасты гидромеханика-сының тура есебін шешу шегінде алынған жәнесүзгілену үрдісін нақты жағдайда сипаттайтын математикалық теңдеулерді пайдалануға негізделген. Қабаттың сүзгілену сипаттамаларын анықтау мақсатымен игеру үрдісін бақылау және реттеу үшін қабаттардың және ұңғылардың гидродинамикалық зерттеулерін жүргізеді.Бұл зерттеулерді мәліметтерін өңдеуі жерасты гидромеханикасының кері есебін шешуге негізделген.
Жерасты гидромеханикасы басқа ғылымдарда да кеңінен қолданылады: гидрогеологияда,инженерлік геологияда,гидротехникада, т.б. Судың қаныққан грунттарда сүзгіленуін зерттеудің алғашқы тәжірибелерін француз ғалымы А.Дарси жүргізген. Ол 1856 ж. сүзгілену жылдамдығының қысым градиентінен тәуелділігін көрсететін эксперименталдық заңын тұжырымдаған.Осы жылдары басқа француз ғалымы Ж.Дюпюи монографиясын жариялаған.Онда грунт суларының сүзгілену теориясы келтірілген,құдықтар дебиттерінің формулалары шығарылған және сүзгілену есептері шешілген.Жерасты гидромеханикасының дамуына Ч.Слихтер және М.Маскет атты америкалық ғалымдар да айтарлықтай үлесін қосқан.
Сүзгілену теориясының ресей мектебінің негізін қалаушылар- профессор Н.Е.Жуковский және академик Н.Н.Павловский,ал ресейлік мұнайгаз жерасты гидромеханикасының негізін қалаушысы – академик Л.С.Лейбензон.Сонымен қатар, мұнай,газ,су қабаттарындағы сұйықтар мен газдардың сүзгілену теориясына С.А.Христианович, Б.Б.Лапук, И.А.Чарный, В.Н.Щелкачев, т.б. зор үлесін қосқан.
1.Сүзілудің жалпы теориялық заңы
Кеуек арналары қималарының пішіні мен өлшемі кеңістікте кенет және ретсіз өзгереді.Бұл тұтқыр сұйықтық ағысының теңдеуін дәл шешуін қиындатады.Сондықтан, кеуекті кеңістіктің алғашқы теориялық зерттеулері идеаландырылған модельдердің көмегімен жүргізілген.Мұндай модельдері ретінде идеалды және жалған грунттар алынған.
...