Педагогика ғылымының теориялық негіздері. «Педагогика» ұғымына анықтама
Автор: shynarkur • Ноябрь 21, 2023 • Лекция • 2,256 Слов (10 Страниц) • 154 Просмотры
Курмангазина ШынарУлановна
ҚТәк121, ДОТ, І курс
№1 Тапсырма.
Педагогика ғылымының теориялық негіздері. «Педагогика» ұғымына анықтама.
Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Грек тілінен алғанда «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегенді білдіреді Яғни «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші дегенді білдіреді.
Педагогиканың негізгі категориялары.
Педагогиканың негізгі категориялары: білім беру, тәрбие және оқыту. Белгілі бір орында немесе мекемеде білімгерлерге ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру. Қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі;
Оқыту - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі. Тәрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру.
Педагогика ғылымдары жүйесі.
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Педагогиканың оқу мен тәрбие мәнін, байланыстарын бір ғана ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді. Педагогиканың ірге тасы - философия. Сондықтан педагогиканың ғылымдар жүйесінде философия алдыңы орында. Одан бөлек
- педагогика тарихы
- жалпы педагогика;
- жас кезеңдер педагогикасы;
- əлеуметтік педагогика;
- арнайы педагогика.
- мектепке дейінгі педагогика,
- кəсіби техникалық мектептер педагогикасы,
- өндірістік педагогика,
- ұзақтан оқыту педагогикасы
- жоғары мектеп педагогикасы.
- сурдопедагогика,
- тифлопедагогика,
- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогиканың басқа ғылымдар мен байланысы.
Педагогика да адамдар туралы ғылым. Сондықтан ол адамдар туралы барлық ғылымдармен байланысты. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулерікейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.
-философия;
-психология
-анатомия,
-физиология,
-биология,
-астрология,
-антропология,
-медицина
- əлеуметтану,
-экономика,
-саясаттану
Педагогика адамдар туралы ғылымдар жүйесінде.
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіңде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүиесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
...