Капитал есебінің теориялық негіздері
Автор: Karlygash28 • Апрель 9, 2018 • Курсовая работа • 17,851 Слов (72 Страниц) • 656 Просмотры
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жодауындағы бес басымдылықтың бірінде («екінші басымдылық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту»): «Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады» және жекеменшік секторына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу аясында: «мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына байланысты» деп, жекеменшік иелерімен атқарылатын жұмысты әкімдерге тапсырылған болатын. Сонымен қатар жекеменшіктің капиталы туралы да сөз қозғалған: «жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімдердің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет», демек жекеменшік капиталының ұлғаюына мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің тиімділігі мол [1].
Сондықтан да кез келген кәсіпорынның қалыптасуында капиталдың алатын орны ерекше.
Қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы есепке алу мен талдау жүйесінде бірқатар жаңа экономикалық нысандардың туындауына әкеліп соқты. Солардың бірі кәсіпорын капиталы маңызды экономикалық категория ретінде, атап айтқанда, капитал болып табылады. Басқаларынан жеке дара өндірістік немесе өзге де коммерциялық шаруашылық жүргізетін кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметін іске асыру үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының, қаржылық салымдарының, құқықтар мен артықшылықтарына жұмсалатын шығындардың жиынтығын білдіретін белгілі бір капиталы болуы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарға нарықтық қатынастар жағдайында қойылатын талаптармен, әсіресе кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыратын әртүрлі көздердің өзара ұтымды арақатынасының мәселелерімен байланысты. Капитал есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл жерде кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыру көздерінің басты сипаттамасы қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы үшін капиталдағы өзгерістердің салдары мен негізгі құраушыларын анықтау арқылы оның капиталына талдау жүргізіп отыру қажет. Капиталдың өзгеріс динамикасы тартылған және заемдық капитал көлемін анықтайды. Соңғы жылдары тартылған және заемдық капитал үлесінің артуы нәтижесінде ақшалай капитал құрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алды.
Әрбір кәсіпорын үшін басты мәселе ол – қаржылық қызметін жүзеге асыру, ақша айналымын қамтамасыз ету және экономикалық өсу жағдайын жасау үшін ақшалай капиталының жеткіліктілігі. Меншікті және заемдық капитал ретінде көбінесе баланстың оң жақ бөлігіндегі тиісті шоттардың сальдосы деген түсінік қалыптасқан. Мұндай тәсіл көптеген отандық экономистер мен басқарушылар арасында капитал құрылымындағы дәстүрлі бухгалтерлік көзқарас болып табылады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтау үшін қаржылық талдау әдістерінде баланстың пассив бөлігіндегі мәліметтер пайдаланылады. Фирма капиталын зерттеудің бұл бағыты отандық экономикада теориялық түрде терең әрі жеткілікті жетілдірілген және бухгалтерлік есеп әдістерінде кеңінен қолдануда. Қазіргі кездегі жағдайларға байланысты капитал құрылымы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін, кіріс шамасын, қызметінің тиімділігі – қаржылық жағдайына тікелей әсер етуші фактор болып табылады.
Бухгалтерлік ақпараттың ішкі және сыртқы пайдаланушыларымен кәсіпорынның қаражат көздері құрылымын бағалау жүргізіледі. Сыртқы пайдаланушылар: банктер, кредиторлар, инвесторлар, мәмілелер жасау кезінде қаржылық тәуекел тұрғысынан кәсіпорынның қаражат көздерінің жалпы сомасындағы қаражат үлесіндегі өзгерістерді бағалайды.
Курстық жұмыстың мақсаты капитал есебінің қазіргі тәртібін қарастыру болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- капитал есебінің экономикалық мәнін ашу;
- капитал есебінің міндеттерін анықтау;
...