Шлихтік талдаудың теориялық негіздері
Автор: gaziza_97.97 • Апрель 8, 2018 • Реферат • 6,324 Слов (26 Страниц) • 697 Просмотры
І.Кіріспе.
Минералдарға пайдалы қазба ретінде қызығушылық өте көне заманда, тарихи (жазба) кезең басталғаннан әлдеқайда бұрын-ақ туындаған. Минералогиялық білімнің кеңеюі материалдық мәдениет дамуы тарихымен тығыз байланысты. Адамдар ең көне замандарда сомтума металдардан (мыс, алтын, күміс) басқа мыс, қалайы және темір қосылыстарына бай рудаларды білген және таба алған.
XVIII ғасыр соңында Еуропаның барлық басты елдерінде өнеркәсіптік
капиталдың дамуымен, мәдениет пен ғылымның барлық салаларында жаңа
қуатты өрлеу орын алады. Осы заманғы бірқатар өте ірі өнертапқыштық саласындағы жаңалықтардың арқасында, техника нағыз төңкерісті басынан
өткереді. Химияның және физиканың жетістіктеріне байланысты минералогияның дамуында жаңа, жарқын білінген процесс байқалады.
Шамамен, ХІХ ғасыр ортасында минералогия минералдар туралы ғылым ретінде толық қалыптаса бастады. Ағылшын геологы Г. Сорбидің
1858 жылы минералогиялық және петрографиялық зерттеулер практикасына
үйектеуші (поляризациялық) микроскопты енгізуі үлкен мәнге ие болды. Бұл
әдіс минералдарды диагностикалауға кристалоптикалық константаларды
пайдалануға мүмкіндік берді. Осыған дейін минералдар деп саналып жүрген
бірқатар таужыныстардың атауы микроскоптық зерттеулерден кейін минералогиялық аталымдардан алынып тасталды.
Жалпы, шлихтік талдау әдісі ол минералдарды талдаудың механикалық әдісіне жатады. Шлихтік талдау әдісі шөгінділерді іздестіруде де, кен орындарының белгілі бір түрлерінде оларды барлау жұмыстарында маңызды рөл атқарады. O.A. Глико және Ю.В. Шарко, бұл әдіс сирек металдар, титан, хром, никель, платина, түсті металдар (Sn, W, Hg), алтын, литий, бериллий және алмаздар кен ошақтарын іздеу үшін жетекші әдістердің бірі деп айтқан.
Мұндай шлихтік талдау әдісі тау жыныстардың ұсатылған сынамаларынан олардың құрамында қандай да бір минералдар болуын анықтау мақсатында алады. Бұл минералдар пайдалы қазба кенорындарын іздеу мәніне ие. Мұндай зерттеулер әдетте геологиялық карта түсіру кезінде жүргізіледі. Осындай әдістерді қолдану В.В. Ляхов пен оның қызметкерлеріне Мәскеу аумағындағы көптеген таужыныстардың қосымша минералдарын өте мұқият түрде бөлуге және түбегейлі зерделеуге мүмкіндік берді.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Шлихтік талдаудың теориялық негіздері.
Далалық зерттеулерге пайдалы қазбалар кен орындарын минералогиялық әдіспен зерттеу де жатады. Минералогиялық зерттеулерге пайдалы қазбаларды бірден табу, оларды дұрыс диагностикалау, бағалау және минералдардың орналасу заңдылығы, соның шектерін анықтау жатады. Өзендер мен байланысты алмас, алтын, қалайы, киноварь және т.б. пайдалы қазбалардың кенорындарын зерттеген кезде, өзендер арналарының шөгінділерінен белгілі бір мөлшерде сынамаларды (шлихтерді) жинау қажет.
Шлих деп – борпылдақ түзілімдерден немесе үгітілген түпкі таужыныстардан алынған сынамалардың жуылуы нәтижесінде алынған ауыр минералдардың концентратын айтамыз. Шлих бұл физикалық және химиялық деформацияға төзімді 3000 кг/м3 тығыздығы бар дән секілді минералдар.
Тау жыныстары мен кендердің шөгу процесінде жер бетіндегі өнімдерінде химиялық орнықты минералдар – кварц, магнетит (FeFe2O4), циркон (Zr[SiO4]), турмалин, рутил (TiO2), кейде касситерит (SnO2), алтын, платина және басқалар қалып, олар ағын судың шаймалауы нәтижесінде өзен аңғары түзілімдерінде және теңіз жағалауы бойында шашылымдар түрінде жинақталады. Осы қопсық түзілімдер сынамаларын (қарапайым аспаптар (табақ, ожау, бутара, вашгерд) көмегімен шаймалаған кезде шлих деп аталатын ең ауыр минералдар концентраты алынады.
...