Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ ақ бас тұқымына қысқаша сипаттама жасау

Автор:   •  Март 18, 2018  •  Реферат  •  2,889 Слов (12 Страниц)  •  1,197 Просмотры

Страница 1 из 12

Кіріспе

Maл шаруашылығы - халықты азық-түлікпен ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешеннің саласы.

          Ірі қара мал шаруашылығы - сүт, ет, тері-былғары шикізатын, сонымен қатар жүк тасығыш ретінде ірі қара малды өсірумен мамандандырылған мал шаруашылығының басым саласы.

Қызметінің негізгі бағыттарына байланысты мал шаруашылығы сүтті, етті - сүтті және етті бағытындағы болып бөлінеді. Шаруашылықты жүргізу типіне байланысты көшпелі мал шаруашылығы (ең ескі), жартылай көшпелі (немесе жайылымды) және қазіргі уақытта кең тараған тұрақты болып бөлінеді.

Ірі қара малдың етті тұқымдарын өсірудің технологиялық принциптері сүтті бағытындағы тұқымдарға қарағанда жайылымдық азықтарды максималды түрде пайдаланумен сипатталады, бұл жоғары сапалы сиыр еті өндірісінің ресурстарды үнемдеу тәсілдерін еңгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының етті ірі қара мал шаруашылығы негізінен қазақтың ақбас тұқымын өсірумен негізделген. Нарықтық экономиканы дамыту үрдісінде оларды ет өндіруді арттырудағы рөлі мен маңыздылығы, сондай-ақ мамандандырылған ірі қара малдың санын аттыруды жоғарылату көзделеді. Бұдан басқа, соңғы жылдары қазақтың ақбас тұқымы елеулі генотиптік өзгерістерге ұшырады - қоршаған орта жағдайына жақсы бейімделген, тұқымның жаңа жоғары өнімді типтері мен аталық іздері құрылып, бұл тұқымның танымалдылығын одан сайын арттырады [1].

Республикамызда қазақтың ақбас тұқымы барлық облыстарда өсіріледі, ол етті тұқым малдарының  жалпы санының 90% -дан астамын құрайды. Ауыл шаруашылығы экономикасын реформалаудан бұрын 1,2 млн. жуық тұқымдық малдар болды.  Реформалау үрдісі кезінде мал басының күрт қысқаруы болып, оның ішінде асылұқымды малдар, асылтұқымды шаруашылықтардың қайта ұйымдастырылуы болып, меншіктің әртүрлі формалары бар ұсақ шаруашылықтарға ыдырады. Дегенмен, қазіргі уақытта республикада тұқымның геноқоры сақталып, одан әрі жетілдіруге және сақтауға мүмкіндік береді. Ол шаруашылықтық субъектілерде, әсіресе асылтұқымды зауыт немесе асылтұқымды шаруашылық дәрежесі бар құрылымдарда 200-ден 2000 бас саны бар аналық табын популяциясымен, өндіруші-бұқалармен, ұрық банкімен ұсынылған [2].

Қазақ ақбас ірі қара малы - қарапайым және қайталанбас генетикалық материалдың бірегей көзі - қазір де және болашақта да етті ірі қара мал шаруашлығының дамуына қажет, сондықтан оны таза қанды өсіруде  тек асыл тұқымды шаруашылықтарда ғана емес, сонымен қатар  құнды мал табыны бар тауарлық шаруашылықтарда өсірудің басты әдісі болу керек.

Осыған байланысты, зерттеу жұмысының мақсатына қазақтың ақбас тұқымына жататын «Нұрқожа» шаруа қожалығы шарттарында жылдың әртүрлі мерзімінде туылған төлдердің өсіп-дамуы мен өнімділік көрсеткіштері жатады.

Осыған байланысты қойылған мақсатқа сай келесі міндеттер белгіленді:

- туылу мерзіміне байланысты бұқашықтар мен ұрғашы баспақтардың өсіп-даму заңдылықтарын меңгеру;

- жылдың әртүрлі мерзімінде туылған ұрғашы баспақтардың көбею функцияларын зерттеу;

- зерттеудің экономикалық тиімділігін есептеу.

          Шаруашылықтың негізгі бағыты : ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығын ( қазақтың ақбас тұқымы ) дамыту болып табылады, сонымен бірге , мал шаруашылығымен қатар астық тұқымдастарын өндіру жұмыстарымен айналысады.

Әдебиетке шолу жасау

Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді  ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және  құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен  шешілуде.

Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар.

Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез  өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін,  жоғары деңгейде  тағам ретінде тұтынылатын ет  өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.

...

Скачать:   txt (40 Kb)   pdf (188.9 Kb)   docx (31.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club