Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Автор:   •  Сентябрь 21, 2022  •  Реферат  •  1,001 Слов (5 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 5

Халықаралық сауданың классикалық теориялары

  1. Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәнісі.
  2. А.Смиттің абсолютті артықшылық моделі.
  3. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылқтар теориясының дамуы.

Халықаралық сауда - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы сауда байланыстары. Халықаралық сауда қазіргі әлемде экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Х.с. салыстырмалы әлемнің дамыған елдеріне тәуелді.

Халықаралық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы – дүние жүзілік нарықты құрайды. Ол 16 ғасырда пайда болды.

Дүниежүзілік нарықты 2 аспектіде қарастыруға болады:

1-ден, кеңістік аспектіде;

2-ден, заттық аспектіде.

Халықаралық сауданың түсініктері ұлттық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа өзара байланысынан көруге болады. Ол үшін келесі графикалық кестелерді салуымыз керек.

Осыған орай, 2 елдің арасында бір тауармен халықаралық сауда жасаудың жай үлгісі келесідей шешімдер жасауға мүмкіндік береді:

әлемдік нарықта бір ел импорттайтын, екінші ел экспорттайтын тауарға сұраныс пен ұсыныс тоғысады;

экспорт көлемі осы тауарға деген  ұлттық нарықтағы артықшылықпен анықталады, ал импорт көлемі тапшылық көлеміне байланысты;

әлемдік нарықта тепе-теңдік ұлттық бағаларды салыстыру бір елде бұл тауарға деген артық ұсынысты белгілейді, ал басқа елде бұл тауарларға деген артық сұранысты белгілеуге мүмкіндік береді;

әртүрлі елдердің ішкі нарығындағы белгілі бір тауардың мин және мах-ды тепе-теңдік бағалары әлемдік бағаның төменгі және жоғарғы шегін береді. Ол бағамен әлемдік нарықта тауар сатылады.

Халықаралық саудадан пайда бірдей әлемдік бағамен тауарды сатуға негізделген;

Осы тауарға экспорт пен импорт көлемдері мен әлемдік баға деңгейі арасында өзара байланыс және өзара тәуелділік бар;

Тауарлардың халықаралық ағымы автаркия жағдайында салыстырмалы арзан тауарды мемлекеттердің экспорттауға талпыныстан құрылады;

[pic 1]

Саулалық кедергілер қою кезінде халықаралық сауда жоқ кездегі 2 елдің ішкі бағалары айырмашылығынан кедергі деңгейі төмен болған уақытта ғана жалғасады.

Халықаралық сауда мәселелерін бірінші теориялық ойлап-табуға талпыныс жасаған меркантелизм доктринасы. Ол 17-18 ғ.ғ. билік етті. Негізін қалаушылар: Т.Мен (Англия), А.Монкретьен (Франция).

Меркантелизмді біз халықараық саудаға қатынасы жағынан қарастырамыз:

1-ден, ол халықарлық сауданың құрылымды теориясын құруға талпыныс жасады;

2-ден, олар халықаралық саудадағы мемлекеттің экономикалық ролін қарастырды;

3-ден, шетелдік тауарлар мен қызметтерді импорттауды шектеу құралдарын қолдануды көздеді.

Меркантелистердің ойы бойынша үкімет тауарлар импортын шектеугке және экспортты ынталандыруға барлық мүмкіндікті шараларды қолдану керек. Бұл кезде тауарларды арзанға сатып алып, қымбатқа сату саясаты қарастырылды. Осы мақсатқа сәйкес елдер метрополия мен колониялы елдерге бөлінді. Бұл мақсатта колония мен метрополия арасында келесідей принциптер орындалу керек болды:

1. сауданы колония тек метрополиямен жасайды, 3-ші елмен сауда жасауға тыйым салынады;

2. колониядан дайын өнім шығыруға тыйым салынады;

3. метрополиядан шикізатты шығаруға тыйым салынады;

4. метрополияда жоқ шикізатты баж салығысыз импорттау.

Меркантелистер  төлем балансы теориясының негізін қалады.

2.Абсолютті артықшылық теориясын қалыптастырған А.Смит болды. А.Смит елдің ұлттық байлығы шеткі шығарылған тауарлар мен қызметтерді өндіру мүмкіндігіне байланысты қарастырды. Сондықтанда үкіметтің негізгі тапсырмасы кооперация мен еңбек бөлінісі негізінде өндірісті дамыту шараларын жүргізу болып табылады.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (90.6 Kb)   docx (28.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club