Материалдық ресурстар туралы түсінік
Автор: maira1505 • Май 2, 2018 • Курсовая работа • 18,764 Слов (76 Страниц) • 2,006 Просмотры
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылыры мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебінің маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементінің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады.
Осы аталғандар мәселелердің өзектілігін айқындап, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Кәсіпорында пайдаланған материалдық ресурстардың есебі мен талдауын ұйымдастыру
Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Кәсіпорынның пайдаланған материалдық ресурстарының есебін жүргізу тәртібінің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: Дюсембаев, К.К. Кеулімжаев, М.С. В.К. Радостовец, С.С. Сатыбалдин, К.Ш. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, Ж.С. Толпаков, Ф.С. Кокенова, Ә.Ә Әбдіманапов А.А. Галымжанов, К.Т. Тайғашинова және тағы басқалар.
Жұмыстың зерттеу объектісі – Астана қаласында орналасқан «Профи строй кз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Дипломдық жұмысының мақсаты – кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануды талдау мен есебін ұйымдастыру және пайдалану тиімділігін жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы мен құрылымы
- «Профи строй кз» кәсіпорынның есебі мен талдауы және аудиті
- кәсіпорында материалдар есебін, талдауын және аудитін жетілдіру жолдары
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, заңдық және нормативтік құжаттар, отандық және шетел экономика ғалымдардың еңбектері, кәсіпорынның нақты мәліметтері және басқа да көздер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – жұмыста келтірілген кейбір тұжырымдарды Қазақстан Республикасы бағалы қағаздары нарығын жетілдіру барысында пайдалануға болатындығымен негізделеді, бұл «Казкоммерцбанк» АҚ Жезқазған қалалық филиалы ұсынған Анықтама-актіде берілген.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден қосымшадан тұрады.
1.МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Материалдық ресурстар туралы түсінік
Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар , табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Негізгі түрлері:
- ақпараттық ресурстар — әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы;
- банк ресурстары — банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады;
- еңбек ресурстары — халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
- қаржы ресурстары — мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;
- материалдық ресурстар — еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс;
- табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;
- экономикалық ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы;
- экспорттық ресурстар — сыртқы рыноктарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат;
- энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары.
Кәсіпорындардың құрамына мынадай ресурстар кіреді:
Техникалық ресурстар (өндірістік жабдықтар, керек-жарақтар, қосымша материалдар және тағы да басқа.)
Технологиялық ресурстар (технологиялық әдістердің қозғалыста болатындығы, бәсекеге қабілетті идеялардың болуы және т.б.);
Кадрлар ресурстары (жұмыскерлердің біліктілік, демографиялық құрамы және т.б.);
...