Элекрофорез. Электрофорез түрлері. Диск-электрофорез туралы түсінік
Автор: gulzzira96 • Май 27, 2018 • Реферат • 5,137 Слов (21 Страниц) • 2,157 Просмотры
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМА
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
КІРІСПЕ
- Әдеби шолу
- Қан және белок туралы түсінік. Қан белоктарының қызметі
- Қан сарысуы және оның қызметі
- Элекрофорез. Электрофорез түрлері. Диск-электрофорез туралы түсінік
- Зерттеу методикасы және материалдар
Дипломдық жұмыста кездесетін қысқарту белгілері:
НДС – натрий додецильсульфаты
Да – дальтон өлшемі
кДа – килодальтон өлшемі
ПААГ – полиакриламид гелі
КІРІСПЕ
Ағзаның ішкі ортасын қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы құрайды, ол өзінің құрамының динамикалық тұрақтылығымен физико-химиялық және биологиялық қасиеттерімен ( гомеостаз) ерекшеленеді. Қан плазмадан және формалық элементтерден ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Қан ұлпаларға қажетті қоректі заттарды және оттегін жеткізеді, зат алмасу өнімдерін шығарады, сөйтіп тасымалдаушы қызметін атқарады.
Барлық сұйық орта сияқты қанның да өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Қанның физикалық қасиеттеріне жатады – қанның тұтқырлығы және сыбағалы салмақ, ал химиялық қасиеттеріне – қан реакциясы және буферлік қасиеттер жатады. [1]
Белоктар, яғни протеиндер ауыр молекулалы, құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Белоктар организм құрамының ең маңызды бөлігі. Олар барлық өсімдік пен жануарлар клеткаларының протоплазмасында және ядросында болады.
Тіршіліктің негізгі нышаны – белоктар. Белок жоқ жерде тіршілік те жоқ. Бұдан 100 жылдан бұрын Ф.Энгельс тіршілік дегеніміз – белокты дененің өмір сүру әдісі, деген екен. Сол әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Белок жеген атау алдымен жұмыртқаның ақ затына Eiwais берілген, ол қыздырғанда ерімейтін ақ затқа айналады. Кейіннен дәл сондай заттар өсімдіктерден және жануарлар организмінен де бөлініп алынады. 1839 жылы голлондия ғалымы Мульдер белоктарды протеин деп атауды ұсынады. Белоктар бұлшық еттердің, қанның, сүттің жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің және шаштың құрамына кіреді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Диск – электрофорез арқылы қой қан сарысуының ақуыздарын зерттеу. Бұл зерттеуде қой кол тұқымдастарының қанын алып, салыстырып зерттеу.
Негізгі міндеттері:
- Белоктар және электрофорез түрлерін зерттеу және әдеби шолу жасау;
- Зерттеу нысанына жалпы сипаттама беру;
- Зерттеу методикасымен танысу және меңгеру;
- Диск – электрофорез көмегімен бірнеше қой түрлерін алып, қой қан сарысуын зерттеу, зерттеу кезінде қойдың жасы, пародасына анықтама беру;
- Зерттеуде кой қол тұқымдастарын бағатын кісілерге ұсыныс беру.
Зерттеу нысаны: Қой
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Әдеби шолу
- Қан және белок туралы түсінік. Қан белоктарының қызметі
Қан – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка және клеткааралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық процестерді біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін. Адам организмі мен жануарларда қан тамырлары бойымен айналатын қанның қалыпты көлемі дене массасының 6 – 8%-ын немесе 1/13 – 1/14 бөлігін құрайды. Орта есеппен ер адамда 5,2 л, әйелде – 3,9 л қан болады. Қанның негізгі қызметінің бірі – газ тасымалдау; трофикалық тасымалдау – глюкоза, аминқышқылдары, тұздар, су, т.б. қоректік заттарды ас қорыту органдарынан тіндерге; экскреторлы тасымалдау – организмдегі қажетсіз заттарды (несеп зәрін, несеп қышқылын, креатин, т.б.) зәр шығару органдарына тасымалдайды. Қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) бактерияларға қарсы арнайы иммунитет қалыптастырып, оларды арнаулы емес (бейспецификалық) жолдармен жойып, қорғаныш қызметін атқарады. Қанда болатын гормондардың, биологиялық белсенді заттардың, зат алмасу өнімдерінің қатысуымен организмде су мен тұздардың тепе-теңдігі, қышқылдар мен сілтілердің үйлесімділігі, организмнің дене температурасының тұрақтылығы, қан өндірілуі, т.б. физиологиялық көрсеткіштер қалыпты жағдайда реттеліп, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы сақталып тұрады.
...