Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологиялық әртүрлілік туралы түсінік

Автор:   •  Сентябрь 14, 2018  •  Контрольная работа  •  5,382 Слов (22 Страниц)  •  2,765 Просмотры

Страница 1 из 22

1 Биологиялық әртүрлілік  туралы түсінік (әдеби шолу)

Қоршаған орта және даму жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықаралық конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992) қабылдаған Конвенция биологиялық алуан түрлілікті маңыздылығы жағынан, қазба отын, су, ауа сияқты табиғи ресурстарға тенеді. 1992 жылы Рио–де–Жанейрода «Биологиялық алуандық туралы Конвенция» қабылданып, оған 180-нен аса мемлекет қол қойды. Конвенцияда басымдылықтар нақты көрсетілген және «биологиялық алуандылық» пен «биологиялық қорлар» түсініктерінің ерекшеліктері айқындалған. Конвенция бойынша «биологиялық алуандылық» дегеніміз экологиялық кешендердің бір бөлігі болып табылатын тірі ағзалардың  жер, су және басқа да экожүйелердегі түр құрамының сан алуандығы. «Биологиялық қорларға» генетикалық қорлар, ағзалар немесе олардың дене бөліктері, популациялар немесе экожүйелердің адамзатқа нақты пайда келтіретін немесе пайдалы биотикалық компоненттері жатады.

Адамзаттың осы проблемаларға көп көңіл бөле бастағанына шамалы уақыт өтсе де, ғылымда биоалуандықты бағалаудың әдістері мен амалдары ертеректе қарастыра бастаған болатын. Негізінен бұл әдістер мен амалдар геоботоникада ХХ ғасырдың бірінші жартысында, ал екінші жартысында геоботаниканың әдістемелік және теориялық жетістіктерімен экология ғылымы дамыды.

Биоалуандықты бағалаудың көп еңбекті және біліктілікті қажет ететін бөлімі өсімдіктерді және жануарларды нақты таксономиялық жіктеу. Сондықтан ағзалардың толық құрамын анықтау (өсімдіктерді, жануарларды, микроағзаларды) немесе тірі ағзалардың, экожүйелердің, агроэкожүйелердің кадастырын құрастыру, қолдан өсіретін ағзалардың генетикалық ақпаратын жинақтау биологиялық алуандықты бағалаудағы биотаның кеністіктік-иерархиялық және локалдық денгейдегі әдістемелік және материалдық негізі болып табылады.

Биоалуантүрлілік термині табиғат қорғау саласындағы жаңа ұғымдардың қалыптасуының үлгісі болып табылады. Биоалуантүрлілік экологтардың зерттеу жұмыстарының пәні ретінде қалыптасты, яғни алуан түрлілікпен (соның ішінде жануарлар алуан түрлілігімен) танысу болашақ экологтар, сол сияқты Жер бетінде тіршілік көздерін   сақтау мәселелеріне қызығушылық танытушылар үшін де оқып-үйренудің ажырамас элементі болып саналады. Планетамыздың жер бедері мен ауа райының алуан түрлілігіне байланысты сол жерлерде, сан қилы ортада тіршілік ететін жануарлар да алуан түрлі болатыны белгілі. Жануарлардың әр қилы түрлрінің адам өміріндегі маңызын түсіну үшін, алуан түрлілігін және тіршілігін зерттеу қажет. Диплом жұмысының алдына қойып отырған мақсаты да осы.

Биологиялық алуантүрлілік термині қоғамда және ғылым мен оқу үдерістерінде ХХ-ғасырдың аяғында ғана қолдана бастағанымен, оның төркіні өте теренде жатыр. Мысалы, б.з.д. 384-322 жылдары өмір сүрген ұлы ғұлама Аристотльдің «Жануарлар тарихы» еңбнгінен басталады десек қателеспейміз.

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі, соның ішінде жануарлар алуантүрлілігі, ХХ-ғасырдың 30-жылдарынан, дәлірек 1932-жылдан, ССРО ҒА – Қазақстан филиалының Зоология секторы ашылғанан кейін, жан-жақты зерттеле басталды. Кейіннен зерттеу жұмыстарына Ғылым академиясына қарасты Зоология, өсімдік қорғау, Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен қатар жоғары оқу орындарының (қазіргі ҚазҰУ, ҚазПҰУ, Аграрлық ұлттық университеті, Қарағанда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан университеттері), қорықтардың және басқа да ғылыми-зерттеу институттарының ғалым-мамандары белсене араласты. Нәтижесінде, Қазақстан территориясында мекендейтін омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың негізгі түрлері анықталды.

Қазақстанда кездесетін жануарлар түрлеріне талдау жасалынған, республикамыздың Қызыл кітабына енгізілген жойылып бара жатқан және саны күрт азайып кеткен жануарлар туралы құнды мағлұматтар берілген.

Диплом жұмысын дайындауда зерттеу жұмыстарының қорытындыларына, соңғы кезде жақын және алыс шетелдерде жарық көрген оқулықтар мен әдебиет көздеріне сүйенді. Диплом жұмысындағы суреттер пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген оқулықтар мен оқу құралдарынан және ғаламтор материалдарынан алынды.

Милиондаған жылдар бойы қалыптасқан биоалуантүрлілік тірі организмдердің эволуциясының негізгі нәтижелерінің бірі болып табылады.

...

Скачать:   txt (87.4 Kb)   pdf (305.1 Kb)   docx (54.9 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club