Өнім сапа туралы түсінік, оны жақсартудың маңызы
Автор: Ainur0412 • Апрель 9, 2018 • Курсовая работа • 6,371 Слов (26 Страниц) • 1,211 Просмотры
Кіріспе
ҚР экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі күшейту мақсатында жаңа бағыттар белгілену үстінде. Өндірісті жаңаша құрудың, өндірілетін өнімнің сұранысын жоғарылатудың маңыздылығы да арта түсті.
Соңғы кездері біз өнім сапасы, сенімділігі, бәсекеге қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі кездесеміз. Өнімді сертификаттау туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның барлығы біздің өнімдер мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдейді. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өзінің өнімін немесе қызметін бәсекеге қабілетті екенін қамтамасыздандыра алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсекеге қабілеттіліктің негізі- сапа. Бәсекеге қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу мерзімі, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдап алғанда сапаны басқа қасиеттерден жоғарырақ бағалайды.
Сапаны қамтамасыздандыру үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді қызметкерлер жеткіліксіз болады, сондай-ақ мұнда сапаны басқару өнері де қажет. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударып қарайтыны да осыдан.
Өнімнің сапасын көтеру - кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады. Себебі, тек өнім сапасын жақсарту арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, өндіріс тиімділігін күшейтуге және кәсіпорында пайдаланылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткізе аламыз.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыздандырады, ал бұның өзі экономиканың дамуына оң әсерін тигізетіні анық. Кейбір шығарушылар үшін өнімнің сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналуда.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталады:
- Өнімнің бағасы
- Өнімнің сапасы
Өнімнің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіз болып саналады. Кез-келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның шығаратын өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алғанды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: "өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті = баға" болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Шығарушылар келесі формуланы қолдана бастады: "нарықтық баға- өндірістік және тарату шығындары = пайда".
Сапа- бірнеше түсініктерден тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория. Әдетте сапаны- белгілі бір нормаларға, стандарттарға, талаптарға сүйене отырып анықтайды.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей түсінік берді: "Сапа дегеніміз өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы болжам жасалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті."
Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну өнімдеріне толығуы - экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. ХХ-шы ғасырдың 80-ші жылдары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыздандыруда сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта 80 пайызы өнімді сатып алғанда бірінші оның сапасына мән береді. Мәселен: Батыс Еуропада кейбір тауарлар сапа сертификатысыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа сертификатталған өнімдер, сертификатталған өнімдерден екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілді.
...