Алфавит туралы түсінік
Автор: akbota11 • Апрель 30, 2018 • Реферат • 1,541 Слов (7 Страниц) • 1,112 Просмотры
Жоспар:
1. Алфавит туралы түсінік_______________________1
2. Идентификаторлар___________________________3
3. Айнымалылар_______________________________4
4. Тұрақтылар_________________________________5
5. Стандартты функциялар______________________7
Паскаль программалау тiлiнiң алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 версия) программмалау тiлi пайда болды. Содан берi Паскаль жалпыбiлiмдiк, кәсiптiк-техникалық мектептерде және жоғары бiлiм беру орындарында “бiрiншi” программалау тiлi ретiнде қолданыла бастады.
Турбо Паскаль тiлiн пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала бастады.
Келе-келе Турбо Паскаль 4.0, ТП 5.0, ТП 6.0 және ТП 7.0 версияларының дүниеге келуi кәсiпкер қолданушының еңбектегi тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беруге, қолданбалы есептердi шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Ендi осы тiлдiң ерекшелiктерi мен бiрсыпыра мүмкiндiктерiн қарастырайық.
Тiлдiң алфавитi басқа тiлдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсiнiктi, себебi оның әрбiр амалы сипатталып отырады. Тiлдiң алфавитiнiң құрамына әрiптер, цифрлар және арнайы белгiлер кiредi.
1) әрiптер ретiнде латын алфавитiнiң 26 әрпi ғана қолданылады.
ұлттық алфавиттегi әрiптер (қазақ, орыс т.с.с.) тек апострофқа (жоғарғы үтiрге) алынған сөз тiркестерi немесе жүйелi жақшаға алынған түсiнiктеме ретiнде ғана кездеседi.
2) Цифрлар: 0, 1, 2, ... , 9.
3) Арнайы белгiлерге төмендегi белгiлер жатады.
а) Арифметикалық амалдардың белгiлерi
1-кесте
р/н | Атауы | Белгiленуi | Түсiндiрме |
1 2 3 4 5 6 | Қосу азайту көбейту бөлу div mod | + - * / | Бөлiндiнiң бүтiн бөлiгiн табу Бөлген кездегi қалдықты табу |
Мыс:15 div 4 -iң нәтижесi 3, 10 mod 3 – нәтижесi 1.
ә) қатынас белгiлерi:
2-кесте
р/н | Атауы | Белгiленуi |
1 2 3 4 5 6 | үлкен кiшi үлкен не тең кiшi не тең тең тең емес | > < >= <= = <> |
б) Айыру белгiлерi
_ (бос орын), ., ;, :, (, ), [, ], {, }, ,,
Тiлдiң қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кiредi. Программада амалдардың орындалуына қажеттi мәлiметтердiң сандық, логикалық немесе символдық (литерлiк) мәндiк шамалары болады. Олармен жұмыс iстеу қолайлы болуы үшiн бұл шамалардың мәндерiнiң өзi емес, оны белгiлеу атаулары – идентификаторлар қолданылады. Бұл атаулар әр түрлi мәндердi (сандық мән, символдық м„н т.с.с.) қабылдағандықтан, олардың типi деген ұғым енгiзiледi. Ендi осы мәселеге тоқталайық.
Программадағы мәлiметтердiң мәндерi Паскаль тiлiндегi келiсiмдi мәлiметтердiң бiр түрiне жатуы тиiс. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзiне тән бiр түрмен ғана сипатталады. Тұрақты сандарды сыртқы пiшiнiне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар программаның сипаттау бөлiгiнде анықтала жазылып көрсетiледi. Мәлiмет типтерi қарапайым құрылымды-скалярлық және күрделi құрылымды-структуралық шамалар болып екiге бөлiнедi. Бұл мәлiметтердiң
әрқайсысының 4 түрi бар. Қарапайым скалярлық: бүтiн - INTEGER, нақты - REAL, логикалық - BOOLEAN және символдық - CHAR, ал күрделi структуралық массивтер - ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар – FILE болып бөлiнедi.
...