Цифрлы білім ресурстары туралы жалпы түсінік және ЦБР классификациясы
Автор: alimkadir900722 • Январь 2, 2019 • Курсовая работа • 6,471 Слов (26 Страниц) • 1,753 Просмотры
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА КІРІСПЕ..................................................................................................................
1-БӨЛІМ ЦИФРЛЫ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ОҚУШЫЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ПАЙДАЛАНУ......................................................................
- Цифрлы білім ресурстары туралы жалпы түсінік және ЦБР классификациясы......................................................................................................
- Цифрлы білім ресурстарын ағылшын тілін үйретуде тиімді пайдалану.........................................................................................................
- Цифрлы білім ресурстарын ағылшын тілін сабағында қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар....................................................................................
2-БӨЛІМ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫ
БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ЖАСАҚТАУ МЕН ПАЙДАЛАНУ....................
- «Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты» құжатына шолу
- Цифрлы білім ресурстарын жасау бойынша ұсынымдар.....................
- Ағылшын тілін үйретуге арналған цифрлы әдебиеттерге шолу..........
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
АҢДАТПА
Аңдатпа: Бұл зерттеу жұмысына цифрлық білім беру ресурстарының пайдасын, оқу үрдісінде қосатын үлесін, мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттырудың бірден бір құралы, білім берудегі инновация екенін негіз етіп, мына мәселелерді зерттедік: шетелдік және отандық ғалымдардың ЦБР-ына анықтама беруін және топтастыруын, ағылышын тілі сабағында цифрлы білім ресурстарын тиімді пайдаланудың теориялық негіздерін және тәжірибелі ұстаздар мен мамандардың ұсынымдарын, ЦБР жасау бойынша мемлекеттік стандартын, ғаламтор беттерінен ғаламтор қолданушылары пікірлеріне сүйене отырып ең тиімді деген ағылышын тілін үйрететін ЦБР түрлеріне шолу жасап, ең танымал дереккөздерінің тізімін жасадық. Ағылышын тілі сабағын әрі сапалы, әрі өнімді және қызықты етудің жолдары цифрлық білім беру ресурстарының мысалы негізінде ұсынылады.
Аннотация: Основываясь на преимущества цифровых образовательных ресурсов, его вклад в образовательный процесс, и на факты что ЦОР - способ повышения профессионального потенциала преподавателя и что ЦОР это инновация в образовании мы изучили следующие вопросы: определение и классификация ЦОР зарубежных и отечественных ученых, теоретические основы эффективного использования ЦОР и рекомендаций опытных преподавателей и специалистов, государственный стандарт по разработке ЦОР, обзор самых эффективных ЦОР с интернет-страниц, список самых популярных источников интернет-ресурсов по отзывам интернет-пользователей. Способы сделать урок английского языка качественным, продуктивным и интересным были предложены на примере цифровых образовательных ресурсов.
Abstract: Based on the advantages of digital educational resources, its contribution to the educational process, and on the facts that the DER is a way to increase the teacher’s professional potential and that DER is an innovation in education, we studied the following questions: the definition and classification of DER by foreign and domestic scientists, the theoretical foundations of effective use of the DER and recommendations of experienced teachers and specialists, the state standard for the development of digital educational resources, a review of the most effective digital educational resources from Internet pages, a list of the most popular Internet resources based on responses of Internet users. Ways to make an English lesson high-quality, productive and interesting digital educational resources have been proposed as an example.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану»-делінген. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. [ 5, 1б]
...