«Ay Sut» компаниясының бюджеттеу механизмін жетілдіру
Автор: zhanerke_3089 • Апрель 3, 2018 • Курсовая работа • 3,998 Слов (16 Страниц) • 916 Просмотры
Бюджеттеу – компанияның қаржылық жоспарлау құралы ретінде
Кіріспе
- Тарау. Компаниядағы қаржылық жоспарлаудың негіздері
1.1 Қаржылық жоспарлау ұғымының түсінігі және мәні
1.2 Бюджеттердің негізгі түрлері және олардың құрылу тәсілдері
1.3 Бюджеттеу процесінің кезеңдері
2.Тарау. «Ay Sut» компаниясының қаржылық жоспарлау ерекшеліктері.
2.1 Компанияның қаржылық есебін талдау
2.2 Негізгі бюджет жоспарларының құрамы мен құрылымын талдау
3.Тарау. «Ay Sut» компаниясының бюджеттеу механизмін жетілдіру.
3.1 «Ay Sut» компаниясының қаржылық жоспарлауын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.2 «Ay Sut» компаниясының бюджеттеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
3.3 «Ay Sut» компаниясының бюджеттеу жүйесінің тиімділігін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
1. Тарау. Компаниядағы қаржылық жоспарлаудың негіздері.
1.1 Қаржылық жоспарлау ұғымының түсінігі және мәні
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі [1].
Қаржылық жоспарлау - компанияны дамыту барысында оның барлық кірістері мен шығыстарын жоспарлауды білдіреді.
Бұл процестің негізгі мақсаттары ұйымның қолда бар қаржылық ресурстарымен және оларға деген қажеттілік арасындағы сәйкестікті орнату, қаржылық ресурстарын тиімді қалыптастыру көздерін анықтап және оларды пайдаланудың тиімді нұсқаларын таңдау болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың объектілері: қаржылық ресурстар қозғалысы; қаржылық ресурстарды пайдалануну, бөлу және қалыптастыру кезіндегі туындайтын қаржылық қарым – қатынас; қаржылық ресурстарды бөлу нәтижесінде пайда болатын құндық шама.
Қаржылық жоспарлау ұйым қаржысын басқару құралы ретінде нысандары мен көрсеткіштерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Ұйымдағы қаржылық жоспарлау мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- Ұйым кірістерінің ұлғаю резервтерін және оларды жұмылдыру тәсілдерін
анықтау;
- Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, жоспарланған кезеңде үлкен
пайдамен қамтамасыз ететін ұйымның дамуында рационалды бағыттарды анықтау;
- Қаржы ресурстарын ұйымның өндірістік жоспар көрсеткіштерімен
байланыстыру;
- Оңтайлы қаржылық қарым – қатынастарды бюджетпен, банкпен және де
тағы басқа қаржылық құрылымдармен қамтамасыз ету.
Қаржылық жоспарлау әр түрлі мазмұндағы қаржылық жоспарлар және жоспарлаудың объектісі мен міндеттері арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымдағы қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеттері:
- Ұйым қызметіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
- Капитал салудың тиімді жолдарын анықтау және оны ұтымды пайдалану
дәрежесін бағалау;
- Ақша қаражаттарын үнемді пайдалану есебінен ұлғайған пайданың ішкі
шаруашылық резервтерін анықтау;
- Бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, банктермен, контрагенттермен
ұтымды қаржы қатынастарын орнату;
- Акционерлермен басқа да инвесторлардың мүдделерін сақтау;
- Ұйымның қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігін және несие қайтару
қабілеттілігін бақылау.
Қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау белгілі бір әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жоспарлау әдістері – бұл көрсеткіштерді есепте амалы мен нақты тәсілдері. Қаржы көрсеткіштерін жоспарау кезінде мынадай әдістер қолданылуы мүмкін: есептік – талдамалық, нормативтік, баланстық, жоспарлы шешімдерді оңтайландыру, экономикалық – математикалық модельдеу.
...