Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан банктерінің инвестициялық қызметі мәселелері және оны жетілдіру жолдары

Автор:   •  Апрель 10, 2018  •  Курсовая работа  •  5,375 Слов (22 Страниц)  •  941 Просмотры

Страница 1 из 22

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ..............................................................................................................5

1.1. Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні........................5

1.2.Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі.....................................................................................................................7

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ........................................................................................11

2.1. «Қазақстан халық банкі» АҚ-на экономикалық сипаттама.......................11

2.2. «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері және табыстылығы................................................................................................13

3.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................................16

3.1. Шетел банктерінің инвестициялық қызмет ерекшелігі..............................16

3.2. Қазақстан банктерінің инвестициялық қызметі мәселелері және оны жетілдіру жолдары................................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................22

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................23


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің яғни Халық банкінің инвестициялық қызметі, оның ұйымдастырылу ерекшеліктері және даму перспективалары.

Өзектілігі – қазіргі кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі ретіндегі инвестициялардың, оның ішінде инвестициялық субъект ретінде банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылу реттілігін айқындауында.

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді[1].

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Мақсаты – коммерциялық банктердің яғни Халық банкінің инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін, оның ұйымдастырылу тәртібін анықтау және нақты жағдайдағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелілігін талдап, оның даму жолдарын қарастыру.

Тәжірибелік жұмыстың мақсатына сәйкес, зерттеу жұмыстың келесідей міндеттері қойылады:

-Халық банкінің қызметін анықтау, оның ішінде инвестициялық қызметінің алатын орынына ерекше көңіл бөлу;

-банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық роліне тоқталу;

-банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін және сипатты белгілеріне байланысты жіктелуін қарастыру;

-Қазақстан Республикасындағы банктердің инвестициялық қызметіне нақты банк негізінде талдау жасау;

-оның ішінде, банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қарастыру және салыстыру;

-аталмыш банктің инвестициялық қызметінің табыстылығына дәйекті баға беру;

-банктердің инвестициялық қызметінің дамуын болжауда шетел банктерінің инвестициялық қызмет тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық банктердің инвестициялық қызметінің мәселелерін және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

...

Скачать:   txt (84.3 Kb)   pdf (311.4 Kb)   docx (41.7 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club