Нарықтық экономикада әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары
Автор: tulegenova • Март 24, 2018 • Диссертация • 30,987 Слов (124 Страниц) • 1,026 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе................................................................................................................
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.......................................................................
1.1 Нарықтық экономикада әлеуметтік саясаттың түпкі мәні, мазмұны және міндеттері..................................................................................................
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының пайда болу тарихы.........................................................................................................
1.3 Шет елдерінің нарықтық экономикада әлеуметтік саясаттың пайда болу этаптары....................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ТАЛДАУ....................
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік саясатты 2013-2016 жылдар аралығында талдау.............................................................................
2.2 Астана қаласы бойынша әлеуметтік саясатты 2013-2016 жылдар аралығында талдау...........................................................................................
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................
3.1 Қазақстан Республикасның 2030 – стратегиялық жолдауындағы әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелері.................................................
3.2 Қазақстан Республикасығы нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары..........................................................................
3.3 Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелері..........................................................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау тудырмасы анық.
...