Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алматы қаласының көлік саласының дамуын реттеу мен басқару үдерістерін жетілдіру жолдары

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Курсовая работа  •  18,247 Слов (73 Страниц)  •  785 Просмотры

Страница 1 из 73

Алматы қаласының көлік саласының дамуын реттеу мен басқару үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

КІРІСПЕ..............................................................................................

  3

1  

КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ  ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................

5

1.1

Көлік саласының ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны .......................................................................................

5

1.2

Көлік саласын мемлекеттік реттеу мен басқарудың  әдістері..................................................................................................

11

1.3

Жолаушы тасымалдау қызметтерінің нарығы.................................

17

2

КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ   ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ .............................................................................................

30

2.1

Қазақстан Республикасы көлік саласының даму барысын талдау...................................................................................................

30

2.2

Алматы қаласындағы көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы .......................................................................

39

3

КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН  РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ ҮДЕРІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................................

51

3.1

Көлік саласының дамуын мемлекеттiк реттеуді жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту жолдары..............................................

51

3.2

Алматы қаласының көлік саласының дамуын реттеу мен басқару үдерістерін жетілдіру жолдары

61

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................

70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................

72

КІРІСПЕ

Көлік қатынасы стратегиялық сала ретінде еліміз экономикасының күретамыры тәрізді. Ел аумағы арқылы Шығыс пен Батысқа ерсілі-қарсылы ағылып жатқан көлік қатынастары ежелден қалыптасқан, әрі оның бүгінгі қарқыны да үдей түспесе бәсеңсіген жоқ. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу Стратегиясындағы Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін үлкен жетістікті қамтамасыз ету артықшылығында Президент Н.Ә. Назарбаев: «Ірі көлік инфрақұрылымдық объектілердің айналасына шағын және орташа жобалар арқылы икемді, жоғары технологиялық қалпына келтірілген объектілерді құру және дамыту қажет. Осылайша Орталық Азиядағы біздің көшбасшы бағыттарын қамтамасыз ету үшін аймақтық нарыққа бәсекелес көлік желісін ендіруді ұйымдастыруға мүмкін болады», – деп баса атап көрсетті [1]. Осыған байланысты, көлік кешені Қазақстан Республикасындағы басым сапалы көлік қызметтеріне деген сұраныстарды толық қанағаттандырумен тығыз байланысты.

Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік кешені дамуының дәрежесіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады. Көлік қызметтері оларды тұтынушыларға, атап айтқанда, халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ, елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталатын болғандықтан да маңызды.  

Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділікті туындатады. Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынын баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу отандық көлік жүйесінің, оның ішінде, жолаушы тасымалдау көлігінің дамуын перспективалы етеді.

...

Скачать:   txt (268.4 Kb)   pdf (973.2 Kb)   docx (244.1 Kb)  
Продолжить читать еще 72 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club