Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нысанның математикалық моделі

Автор:   •  Март 26, 2021  •  Реферат  •  3,671 Слов (15 Страниц)  •  432 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

Бақылау жұмысы № 3

Математикалық модельдеу

Тақырыбы:  «Нысанның математикалық моделі»

Орындаған:  ЗСМ-18-9ксКА тобының

cтуденті

Күмісбаев Саян  Дүйсенбекұлы

Тексерген:

Шапалов Шермахан Куттыбаевич

Қарағанды 2020

Мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................................1-2

  1. Математикалық модельдеу. Модель түсінігі.......................................... 3-5
  2. Модельдер классификациясы...................................................................6-7
  3. Математикалық модельдеу.....................................................................8-14
  4. Қорытынды .................................................................................................15
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................16

Кіріспе

         Қазіргі ғылым мен білім саласын математикалық модельдеудің кең қолданылуынсыз көз алдымызға елестету қиын. Математикалық модельдеудің мағынасы бастапқы объектіні оның «бейнесімен» -математикалық моделімен -алмастыру жəне əрі қарай осы модельді компьютерлерде жүзеге асырылатын есептеу алгоритмдері көмегімен зерттеу болып табылады. Бұл танымдық əдіс бойында теория мен тəжірибенің көптеген артықшылық жақтары бар [20, 45]. Объектінің (құбылыстың, үдерістің) өзімен емес, оның моделімен жұмыс жасау салыстырмалы түрде тез жəне елеулі шығындарсыз оның қасиеттері мен жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді. Сондайақ объектілердің модельдерімен қазіргі заманғы есептеу əдістеріне жəне компьютерлердің зор мүмкіндіктеріне сүйене отырып, есептеу тəжірибелерін жүргізу теориялық əдістер арқылы қол жеткізіп болмайтын жеткілікті деңгейде толық зерттеуге мүмкіндік береді. Математикалық модельдеу əдістері бүгінгі күнде қарқынды даму кезеңінде болып, түрлі жаңа техникалық жүйелерді құру жəне оларды басқарудан күрделі экономикалық жəне əлеуметтік үдерістерді талдауға дейінгі адам іс-əрекетінің көптеген жаңа салаларын қамтуда. Математикалық модельдеу элементтері математика, физика, география жəне басқа да жаратылыстану ғылымдарының пайда болуымен қатар қолданыла бастағаны белгілі. Кейбір есептеу əдістері ұлы ғалымдар Ньютон жəне Эйлер есімдері арқылы аталуы кездейсоқтық емес, сондай-ақ «алгоритм» сөзі біздің дəуіріміздің IX ғасырында өмір сүрген Хиуа қаласы тумасы, Орталық Азияның ғұлама ғалымы əл-Хорезми (шын аты Мұхамед бен Мұса) есімімен байланысты. Математикалық модельдеудің екінші рет «дүниеге қайта келуі» XX ғасырдың 40-50-жылдары аралығына тура келіп, ол негізінен екі себепке байланысты: біріншісі -ЭЕМ-ның пайда болуы жəне КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) мен АҚШ (Америка Құрама Штаттары) мемлекеттерінің ракеталық-ядролық қорғаныс жүйелерін құруы, екіншісі -дамыған жетекші мемлекеттердің ғарышты игерудегі ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруға кірісуі. Ядролық жарылыстар мен жасанды жер серіктерінің ұшулары алдын ала математикалық модельдер көмегімен ЭЕМ-ларында орындалып, соңынан іс жүзінде практикада жүзеге асырылды. Осы салалардағы үлкен жетістіктер математикалық модельдеу əдістерінің кейінгі даму бағыттарын анықтауға өз септігін тигізді жəне қазіргі күнде бірде бір үлкен масштабтағы күрделі ғылыми-техникалық, эколо- 11 гиялық немесе экономикалық жобалар математикалық модельдеуді қолданбастан жүзеге аспайды. Бүгінгі таңда ақпараттық қоғамның жаңа мүмкіндіктері жағдайында математикалық модельдеу дамуының үшінші кезеңі басталғанын айта кеткен жөн. Ақпараттық ресурстарды басқаруды тиімді игерместен адамзат қоғамының алдында тұрған маңызды мəселелерді шешу жайлы ойлаудың өзі орынсыз болар еді. Бастапқы шикі өңделмеген ақпарат талдау, болжау, шешім қабылдау мен оның орындалуын бақылау үшін пайдасы аз болатыны белгілі. Осындай ақпараттық шикізатты жаңа өнімге, яғни нақты білімдерге айналдыратын сенімді əдістер мен тəсілдер қажет. Математикалық модельдеу ақпараттық технологиялардың, қоғамды ақпараттандырудың жалпы үдерісінің интеллектуалдық түпқазығы бола алады жəне болуы да керек. Қандай да бір объектіні, үдерісті немесе құбылысты математикалық модельдеу жайлы сұрақтың қойылымының өзі анық іс-əрекеттерді келтіріп шығарады. Оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: модельді құру, алгоритмді таңдау, бағдарламаны құру. Бірінші кезеңде объектінің маңызды қасиеттерін -ол бағынатын заңдар, оның бөліктеріне тəн байланыстар жəне т.б. -математикалық формада бейнелейтін оның «эквиваленті» таңдалады немесе құрылады. Математикалық модель теориялық əдістермен зерттеледі, олар арқылы объект жайлы бастапқы маңызды білімдер алу мүмкін болады.

...

Скачать:   txt (58.4 Kb)   pdf (175.1 Kb)   docx (25.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club