Анемия ауруларын диагностикалаудың эксперттік жүйесін құру үдерісінің контекстік моделі
Автор: 994a • Май 12, 2018 • Реферат • 542 Слов (3 Страниц) • 709 Просмотры
Эксперттік жүйелерді жобалаудың әртүрлі тәсілдер бар. Солардың ішінде ең тиімді тәсілдердің бірі - ол жүйелік модельдеу әдісі. Бұл әдісті қолдану пәндік аймақты SADT стандарты тілінде жүйелік жоба түрінде сипаттауға мүмкіндік береді. Жүйелік жобаның негізі функционалдық, ақпараттық және динамикалық модельдер. Жүйенің функционалдық мазмұнын сипаттағанда, жеке функциялар алгоритмдерге, процедураларға және т.б. жеткізіледі. Дегенмен, жүйеде әдетте белгісіздік бойынша шешім қабылдаумен байланысты функциялар да бар. Ондай функциялардың орындалуын ресімдеу үшін эксперттік жүйелердің әдістерін қолдану ұсынылады.
Жүйелік үлгілеу әдіснамасы CASE-технологиялар негізінде толығымен іске асырылуы мүмкін екендігін атап өту қажет, онда жүйелік үлгілерді ұсынуды ресімдеуге арналған құралдар әзірленеді. Ең қолданылатын CASE-технологиялар SADT стандартының, мысалы, IDEF әдіснамасын пайдалануына негізделген [3].
SADT (IDEF0) әдіснамасы функционалды модельдеуге арналған, яғни, кез-келген кәсіпорынның қызметі шеңберінде не, қалай және кім арқылы жасалатынын көрсететін сипаттамалы графикалық моделін құру арқылы объектілердің функцияларын орындауды модельдеу. Өндірістік процестерді құжаттандыруға арналған IDEF0 модельдері әр кезеңде қандай ақпарат пен ресурстарды пайдаланатындығын көрсетеді. SADT әдіснамасы - белгілі бір пәндік аймақтың объектісінің функционалдық моделін құруға арналған әдістер, ережелер мен рәсімдер жиынтығы.
SADT функционалдық моделі объектінің функционалдық құрылымын, яғни, ол жасаған әрекеттер мен осы әрекеттер арасындағы байланыстарды көрсетеді.
SADT әдіснамасын (IDEF0) қолданудың ең маңызды дәлелі - бұл әдістеме құрылымдық және функционалдық талдауды дамытудағы келесі кезеңге айналған басқарудың технологиялық тәсілінің классикалық әдісі деп саналады. Процестік тәсіл кітапханалық және ақпараттық қызметте маңызды орын алатын классикалық басқару тұжырымдамасы. Процестің негізгі қағидаты - ұйымның қызметін ұйымдастырушылық және кадрлық құрылымға емес, бизнес-процестеріне сәйкес құрылымдау.
Функционалдық модель басқару шешімдерінің тиімділігі мен сапасын жақсартуға арналған. Функционалдық модельдің негізгі мақсаты - автоматтандыру процесін жаңғырту, сапа менеджменті жүйесінің (ISO 9001-2011) сәйкестігін тексеру.
IDEF0 әдіснамасы көмегімен анемия ауруларын диагностикалаудың эксперттік жүйесінің процестері анықталды. Модельдеудің бірінші кезеңінде анемия ауруларын диагностикалаудың барлық процестері тұтас алғанда эксперттік жүйенің қызметін сипаттайтын контекстік диаграмма түрінде ұсынылған (Сурет 2.1).
[pic 1]
Сурет 2.1. Анемия ауруларын диагностикалаудың эксперттік жүйесін құру үдерісінің контекстік моделі
Контекстік модель бойынша бұл эксперттік жүйенің кіріс мәліметтері - дәрігерге қаралушы жайлы мәліметтер мен көрсеткіштер болады.
Эксперттік жүйеге әдістеме ретінде ҚР Денсаулық сақтау жәнеәлеуметтік даму министірлігі бекіткен клиникалық протоколдар мен қан құрамының компоненттері туралы ақпараттық, нормативтік құжаттар қолданылады.
Анемия ауруларын диагностикалаудың эксперттік жүйесін құру үдерісінің орындалуын бақылаушылар - медициналық тіркеуші, лаборант, дәрігер және эксперттік жүйенің өзі болады. Осы үдеріс орындалған соң нәтиже ретінде болжалды диагноздар анықталып, қажетті есепхаттар құрылып, көрсеткіштердің нормадан ауытқу шамасы есептелінеді.
...