Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шешім қабылдау критерийлерін математикалық моделдеу

Автор:   •  Март 25, 2018  •  Реферат  •  3,016 Слов (13 Страниц)  •  966 Просмотры

Страница 1 из 13

Шешім қабылдау критерийлерін математикалық  моделдеу

Экономикалық ақпараттық жүйелердің математикалық қамтамасыз етілуі нәтиже ақпараттарын құруды қамтамасыз ететін алгоритмдер жиынынан тұрады. Математикалық жабдықтау қолданбалы бағдарламалар комплексін өңдеудің негізі болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің тиімділігі көбінесе есептеу процесін математикалық жабдықтаудан тәуелді.

Кәсіпорын қызметін басқару, яғни бақылау мен есеп жүргізу функциясы кибернетиканың жалпы функциясына сәйкес моделденеді, себебі бұл функциялар күрделі динамикалық жүйелерге ұқсас, атап айтқанда басқару жүйесінің контуры тұйық және кері байланыстар бар, оптималды басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттар жеткілікті. Егер осы шарттардың бірі орындалмайтын болса, онда бір де бір басқару функциясы тиімді болмайды.  

Математикалық жабдықтауға шешім қабылдау процестерін моделдеу, басқарудың типтік есептерін шешудің құралдары және әдістері, зерттелетін басқару процестерін оптималдау әдістері енеді (көп критерилі оптималдау моделдері, математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, көпшілікке қызмет ету теориясы, және т.б.).  

 Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуы басқару үрдістерін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашуда. Шешім қабылдауды қолдау жүйелерін құру кез-келген деңгейдегі басшылар мен менеджерлерге аналитикалық жұмыс үрдісінің сандық параметрлерін ғана емес, басқару процедураларының сапалық жақтарын да бағалауға жағдай жасайды. Қазіргі таңда әр мекеменің мөлшерінен, кәсіптік бағытынан, басқару иерархиясының күрделілігінен тәуелсіз кешенді автоматтандыру мәселелері туындап отыр. Мекеменің ликвидтілігі мен рентабелділік деңгейін төмендетпес үшін, жоспарлы көрсеткіш пен нақты көрсеткіштің ауытқуын талдау, жақын болашақта мекеменің дұрыс жұмысын қалыптастыруды қамтамасыз ету есептерін басшылар мен менеджерлерге ШҚҚЖ автоматтандырылған ортасында шешу қажет болады. Басқару үрдістерін жобалау 1980 жылдары шет елдерде басталған және «бизнес-инжиниринг» деп аталды.

Бизнес-инжиниринг дегеніміз бизнесті басқарудың процедуралары мен әдістерін кешенді жобалауды орындау, ал қабылданған басқару құрылымын қабылдаған кезде оның қаржылық жағдайының жақсаруы. Бизнес-инжинирингтің мақсаты менеджерге өндіріс тиімділігін арттыруға жағдай жасау, яғни жобаланатын жұмыстың өзіндік құнын кеміту арқылы ішкі шығындарды азайту, жауапкершілік пен кәсіптік дайындықты көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, нәтижесінде сату көлемін ұлғайтып, нарыққа жоғарғы сапалы қызмет көрсету.

Бизнес-инжиниринг бизнесті жобалағанда келесі әдістерді қолданады:

–   жобаланатын бизнес процедураларын қадам бойынша ерекшелеу;

–жүйе процедураларына сипаттама белгілерін енгізу;

–жобаланған варианттың бизнес мақсатына сәйкестік деңгейін сипаттайтын эвристикалық және прагматикалық шешеімдерді қолдану.

  Инжинирингті енгізу ШҚҚЖ өңдеудің басқару процедураларын реттейді.      Бизнес-процесті басқарудың күнделікті тәжірибесіне қолдану тиімді.

Бизнес-процесс дегеніміз мекеменің негізгі қызметтерін толық сипаттау және уақыт шеңберінде оған қатысушылардың өзара әсерлерінің даму даму құрылымын ұйымдастыруды жобалау. Шет елдік тәжірибе көрсеткендей мұндай күрделі ұйымдастыру-технологиялық кешенді жобалау «бизнес-процестің реинженерингі» деп аталды.  

Бизнес-процестің реинженерингі (BPR-Business process reengineering) шет ел тәжірибесінде 1990 жылдары пайда болып, бизнес-процесті жобалаудың дамуына жүйелік-техникалық әдіс ретінде қарастырылды. Реинженерингтің негізгі есебі-басқарудың жұмыс істеп тұрған жүйесін қайта жобалау және оны қойылған мақсатқа жету үшін тиімді нәтиже алу.

       Бизнесті реинженеринг бойынша жобалау келесі сатылардан тұрады:

  • болашақ мекеме образын өңдеу;
  • жұмыс істеп тұрған бизнесті талдау;
  • жаңа бизнесті өңдеу;
  • жаңа бизнесті енгізу.

       Бизнес-процестің реинженерингі интегралданған корпоративті ақпараттық-технологиялық базада жобаланады және жүргізіледі, олар іскер үрдістерді барлық деңгейде ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Мамандардың  АЖО-ын өзара байланыстыратын телекоммуникация құрылады.

...

Скачать:   txt (29.8 Kb)   pdf (442.9 Kb)   docx (105.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club