Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сауда нүктесінің ықтималдық математикалық моделінің программалық таратылуы

Автор:   •  Март 23, 2018  •  Дипломная работа  •  8,149 Слов (33 Страниц)  •  610 Просмотры

Страница 1 из 33

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Сауда нүктесінің ықтималдық математикалық моделінің программалық таратылуы».

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің тиімділігі, мәліметке қол жеткізудің жылдамдығымен қаншалықты қамтамасыз етілгендігі, ақиқаттық, олардың толықтығына едәуір мөлшерде тәуелді болады. Ақпараттық жүйе – іс жүзінде барлық жерде ядросын мәліметтер қоры құрайтын интеграцияланған жүйе болады.

Технологиялық және басқару процесстерін автоматтандыру, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорынын басқарудың есептерін шешу, банк, оқу орындары және мемлекеттік құрылымдарды тиімді басқару мен жұмысты жүргізудің негізінде үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу жатады.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар өте үлкен қарқынмен дамуда және бұл жай барлығымызға да мәлім. Соңғы технологиялық жетістіктердің арқасында компьютерлер өміріміздің барлық саласында қолданысқа еніп, көптеген жұмыстарын жеңілде-тіп, жаңа жетістіктерге жетелеуде.

Қазіргі уақытта кез-келген мекемедегі жұмыстардың көп бөлігі компьютердегі бағдарламалар арқылы орындалады. Онсыз мекеменің жұмысы алға баспайтыны барлығына белгілі. Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты осындай мекеменің бірі “Ecotell Ltd” пласти бұымынан есік терезе жасау компаниясының болашақ кірістері мен шығыстарын моделдейтін автоматтандыратын бағдарлама жасау болып табылады. Сондықтан қазіргі заманда осындай автоматтандыратын бағдарламаларды құру өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Excel – 2010 офистік бағдарламалар жүйесі мен Borland Delphi 7 ортасында сауда нүктесінің математикалық моделін автоматтандыруға арналған бағдарлама құрылды.

Дипломдық жұмыстың міндеті: кес – келген сауда нүктесінің (шағын және орта бизнес) сауда айналымы барысында минемалды саудадан түскен табыс анықтау.

Дипломдық жұмыста қарастыған мәселелер: дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардын тұрады. Бірінші бөлімде Borland Delphi, Excel бағдарламаларының теориясы,  ақпараттық жүйелер құру туралы ұғымдар, Excel бағдарламасынды қолданылған компоненттер және оның қасиеттері сипатталған. Екінші бөлімде дипломдық жұмысқа таңдалған тақырыптың, яғни Сауда нүктесінің ықтималдық математикалық моделіне теориялық мағұлматтар және түсініктемелер берілген. Үшінші бөлімде бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру үшін қолданылған Borland Delphi ортасы туралы және бағдарламаны құру және онымен жұмыс істеу нұсқаулығы, бағдарлама алгоритімі мен моделі сипатталған.


1         Delphi бағдарламалау ортасы және оффистік бағдарламаның жұмысы

1.1         Delphi бағдарламалау ортасы және қолданылған компоненттер сипаттамалары

Delphi Турбо Паскаль тілінің даму нәтижесі болып табылады. Delphi бағдарламалау тілі — Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады. Delphi бұл құрылымдалған, обьектіге бағытталған бағдарламалау тілі. Delphi – дің негізгі қолданылатын аймағы, қолданбалы бағдарламамен қамтамассыздандыруды жүзеге асыру болып табылады. Ең алғашында Delphi Object Pascal деп аталған және 1986 жылы Apple фирмасындағы Ларри Теслер тобымен құрастырылған бағдарламалау тілінің диалектісімен сәйкес келеді. Бірақ қазіргі уақытта Object Pascal термині Delphi бағдарламалау тілінің ортасында жиі қолданылады. Delphi – 7 нұсқасынан бастап Borland ресми іс – қағаздарында Delphi атын Object Pascal тілін белгілеу үшін қолдана бастады. Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi 7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Алғашында Delphi құрастыру ортасы Windows – қа бағдарламалық қосымшаларды құрастыру үшін қолданылған болатын, кейіннен Linux поатформасы үшін Kylix нұсқасы жүзеге асырылды, бірақ, 2002 жылы Kylix – 3 нұсқасын шығарғаннан кейін құрастырулар тоқтатылды және кейіннен Microsoft .NET бағдарламалық қолдауы жарияланды, бұл өз кезегінде Delphi – 2007 ортвсының шығуымен тоқтады [1].

...

Скачать:   txt (92.3 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club