Жүйенің математикалық жабдықталуын сипаттау
Автор: student2016 • Март 25, 2018 • Курсовая работа • 16,504 Слов (67 Страниц) • 590 Просмотры
КІРІСПЕ
Жаңа ғасыр заманауи жаңа технологиялар мен ақпараттар ағынының адам айтқысыз дәрежеде ұлғайған кезеңі. Ол тек экономикаға ғана емес, әлеуметтік сфераның барлық саласына тән болды. Ақпараттар көлемінің ұлғаюы өндірісте, сауда-саттық салалары мен банктік, қаржы жүйелерінде көрініп отыр. Сонымен қатар нарықтық қатынастар ақпараттардың нақтылығы және толықтылығына жоғары талаптар қоюда, себебі оларсыз маркетингтік, қаржылық-несиелік, инвестициялық қызметтер тиімді бола алмайды.
Адам қызметіндегі ақпараттар процесінің жаңа сатыға көтерілуі тек қана қазіргі заманғы электронды-есептегіш техникаларын, яғни дербес компьютерлер мен телекоммуникация жүйелерін әлемдік желіге қосылу арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың соңғы жылдардағы халыққа жолдауында мемлекетке информатизациялау процесін қарқынды дамытуды, барлық қызмет сферасында жалпыға бірдей ақпараттық қызмет көрсетуді қолдауды, ақпараттандыру инфраструктурасының негізгі компоненттерін дамытуды, тұрғындарды ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылыққа үйретуді негізгі мәселе қатарына қойды.
Қазіргі кезде көптеген мекемелер үшін ақпараттарын өңдейтін қолданбалы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылуда (ААЖ).
Программалық қамтамасыздандыру өзінің жарты ғасырлық дамуында көптеген өзгерістерге ұшырады: жай, логикалық және арифметикалық операцияларды орындайтын программадан өндірісті басқарудың күрделі жүйесіне дейін. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады:
-Есептеулерді орындау;
-Ақпараттың жинақталуы және өңделуі.
Ақпаратты пайдалану адамды жан-жақты дамытудың маңызды бөлшегі болып саналады. Сондықтан да халықтың ақпаратқа деген күннен-күнге өсіп келе жатқан түрлі деңгейдегі қажеттіліктерін қанағаттандыруы – заңды құбылыс. Соған орай қандай сала болмасын электрондық мәліметтер қорын құру сала қызметтерін белсенді түрде дамытуы даусыз.
Компьютерлік фирмалардың негізгі көрсететін қызметтері компьютер мен оның жабдықтаушы бөлшектерін сату және оны сатып алушылар–клиенттер. Клиенттердің ақпараттық және электрондық талғамын ескере отырып, компьютерлік бөлшектерді сатудың ақпараттық жүйесін өңдеу үшін компьютер бөлшектерінің мәліметтер қорын жобалау және құру қажет.
Қазіргі таңда компьютерсіз жұмыс істеу мүмкін емес, компьютер жанұя мен мектептен бастап, адам өмірінің барлық саласына түгелдей енді. Сондықтан компьютер және оның бөлшектерін сататын фирмалардың күн санап көбеюі заңдылық. Ақпаратпен және біліммен қаруланған адамдардың өмірі де жақсаратыны сөзсіз.
Қазіргі таңда компьютер және компьютер бөлшектерін сату фирмалары – бұл көптеген ішкі және сыртқы байланыстарының күрделі сату жиынтығы болып табылады.
Компьютер фирмалары, оның ақпараттық ағынын, сату процестерін, құжат айналымын және басқа да процестерді басқару – күрделі жүйені құрайды. Ұйымдастырылған жүйеде ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер қиынырақ жұмыс болып есептеледі. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару. Осы процестерді жеделдетуге және компьютер бөлшектерін сату фирмалары клиенттердің жұмысын жеңілдету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі. Яғни, ақпараттар есебін тіркеу процесін автоматтандыру, қажетті мәліметтерді іздестіру уақытын қысқарту, бөлім үшін қажетті ақпараттың сақталуын ықшамдау. Ол үшін компьютер бөлшектерін сату фирмалары туралы жалпы ақпараттар, деректер, дүкеннің құрамы, олардың кәсіптік біліктілігі МҚ-да жинақталып, техникалық жүктемені автоматты түрде бөлуге мүмкіндік беруі мүмкін және соның негізінде компьютер бөлшектерін сату процесін ұтымды басқару.
...