Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Киім құрастыру әдістерінің жіктелуі. Киімге берілетін қосымшалардың түрлері

Автор:   •  Февраль 10, 2024  •  Лекция  •  661 Слов (3 Страниц)  •  157 Просмотры

Страница 1 из 3

Дәріс 2

Тақырыбы: Киім құрастыру әдістерінің жіктелуі. Киімге берілетін қосымшалардың түрлері.

Дәріс мақсаты: Конструкциялау әдістерінің жіктелуін игеру. Кендікке берілетін қосымшалардың түрлерімен танысу және игеру.        

Дәріс жоспары:

1. Бастапқы мәліметтердің сипатына тәуелді, киім бөлшектері жазбаларын конструкциялау әдістерінің жіктелуі.

2. Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.

Бастапқы мәліметтердің сипатына тәуелді, киім бөлшектері жазбаларын конструкциялау әдістерінің жіктелуі.

Құрастырудың бастапқы этаптары пішілген киімнің пайда болуымен байланысты. Пішу (француздың tailler) — тура мағынада аударғанда бой, өлшем бойынша жасау дегенді білдіреді.

       Киімнің конструкциясы және формасының даму тарихын шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: біріншісі — адамның және қоғамның дамуымен бірге эволюциялық  өсім және екінші бағыт — сәннің әсерінен киімнің және форманың дамуы.

Киімді конструкциялау әдістемесі және пішу жүйесі дегеніміз не? Олар қалай пайда болды және бүгінгі таңда қандай жағдайда?

Тігін өнеркәсібінің тарихында құрастырудың ондаған әдістемелері белгілі. Көптеген түрлердің оларды дайындаудың бірыңғай шарттардың болмауымен және олар шын мәнінде сызбадағы сызықтар мен жеке конструкторлы нүктелердің орналасуының белгіленген екі жақты байланыстың қолданылуымен және лекалдарды техникалық тәсілдермен тұрғызудың  ұсыну түрінде авторлардың практикалық тәжірибесінің бейнесі болып табылады. Есептер мен тұрғызудың логикалық мағынасын ашпай тұрып, әдістемелерді шығарушылар белгілі бір түрдегі киімнің пішімдерін дайындаудың дайын шешімдерін ұсынды.

Киімді құрастырудың негізгі тапсырмасы типтік  немесе индивидуалды фигураға арналған бөлшектер сызбасын дайындау болып табылады. Құрастырудың әрбір әдістемесі адамның фигурасы немесе дайын бұйым туралы мәліметтерден тұрады, техникалық формулалар мен есептер түрінде алынған мәліметттерді өңдеу әдістерінің көмегімен  киім конструкциясының жіктелуі және геометриялық тұрғызу тәсілдері, киім бөлшектерінің түйіндерін және конструкторлы кесіктердің өлшемдері бекітіледі. Құрастыру кезінде соңында әр әдістемеге тән, тұрақты ішкі мәліметтер жүйесін құрайтын дене бітімнің, пішімнің және техникалық өңдеу тәсілінің ерекшеліктері ескеріледі.    

Кендікке берілетін қосымшалар.

Киiмнiң жобаланатын пiшiнiн құру қосымшаларға да байланысты болады.  Олар жалпы қолданылуға – бұйымның барлық енiне немесе жеке қолдануға бөлiктерге (бөлшектерге) беріледі.

Бұйымның берілетін негізгі  қосымшалары:

Пг-  кеуде деңгейiнде;

Пт – бел деңгейiнде;

Пб—бөксе деңгейiнде.

Бұйым бөлшектерiне (бөлшектерге) берілетін  қосымшалар:

Пш.с – артқы бой енiне;

Пш.п – алдыңғы (алды) бой енiне;

Пд.т.с – артқы бой бел ұзындығына;

Пс.пр – қолтық ойындысы (еркiн) тереңдiгiне;

Пш.горл – мойын ойындысы енiне;

Пг.горл – алдыңғы бой мойын ойындысы тереңдiгiне;

Пв.горл.с – артқы бой мойын ойындысына (тереңдiгi);

По.п – иық айналымына;

П. бед - бөксе айналымына;  

Еркiн қынамалыққа берілетін  техникалық, қимылды, еркiн демалуды қамтамасыз ететін, жылу алмастыруды және ауа қабатының тепе-теңдігін реттейтін  қосымшалар деп аталады. Киiмдi декоративтiк, конструктивтiк сәндеуге берiлетiн қосымшалар (сәндiк-конструктивтiк қосымшалар) деп аталады.

Техникалық қосымшалар белгiлi бiр киiм ассортиментерiне арналған, үнемi қолданылатын мөлшерге ие болады.

Бұйым енiне техникалық қосымшалар кеуде деңгейiнде көйлектер үшiн 2 см ден, пиджак және жакеттер үшiн 3 см, пальто үшiн, сыртқы материал қалыңдығы, астарлар және iштiктер (жылыту iштiктердi қоспағанда), киiмнiң төменгi қабаты есебiнен – 4 см беріледі.

Декоративтiк-конструктивтiк қосымшалар киiм формасы және көлемiне байланысты және сондықтан әр түрлi мәндi (0 ден 20 және  одан жоғары) қосылуы мүмкiн.

Есептеудi жеңілдету үшiн практикада еркiн қонымдылыққа техникалық және декоративтiк – конструктивтiк қосымшаларды қамтитын жиынтық қосымшалар пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (93 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club