Жылжымайтын мүлікке салық салу әдістерінің шетелдік тәжірибесі
Автор: aziza0610 • Февраль 25, 2018 • Курсовая работа • 5,525 Слов (23 Страниц) • 1,155 Просмотры
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ....................................................................................................................
- ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ТҮСІНІГІ......................................................
- Жылжымайтын мүлік түсінігі және құрамы.....................................
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.................................................................
- Жылжымайтын мүлікке салық салу тәртібі......................................
- Қазақстан Республикасының салық салудың және салық салу мақсатымен жылжымайтын мүлікті бағалаудың құқықтық негіздері................................................................................................
- ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ САЯСАТЫН ДАМЫТУ........................................................................................................
- Жылжымайтын мүлікке салық салу әдістерінің шетелдік тәжірибесі.............................................................................................
- Жылжымайтын мүлікке салық салу жүйесін қалыптастыру мен дамыту механизмі.................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Нарықтық экономика элементтері арасында өндіріс құралы ретінде қолданылатын (жер, әкімшілік, өндірістік, қоймалық, сауда және басқа да ғимараттар мен құрылыстар) және тұтыну объектісі болатын (жер телімдері, тұрғын үйлер, саяжайлар, пәтерлер, гараждар) жылжымайтын мүлік маңызды орын алады.
Жылжымайтын мүлік бұл саны бойынша халықтың меншігіндегі елдің ұлттық байлығының негізі. Сонымен қатар, шаруашылық қызметтің және меншіктің барлық формалары мен кәсіпорындардың дамуының базасы ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының дамуымен байланысты көптеген азаматтар, кәсіпорындар және ұйымдар жылжымайтын мүлік операцияларына белсенді түрде қатысуда. Мемлекеттік және муниципалды меншіктерді жекешелендіргенде, бос ғимараттарлы жалға бергенде, тұрғын үйлерді сатқанда және сатып алғанда жылжымайтын мүлік талқыланатын мағызды мәселе болып табылады. Жылжымайтын мүлік нарығы тауар немесе қызмет көрсету және қаржылық нарықпен бірдей нарықтық кеңістікті құрайды. Жылжымайтын мүлік кепілдігі еліміздің несиелік жүйесінің құрылуының маңызды шарты. Жылжымайтын мүлік нарықтық қатынастардың барлық жүйесінің орталық звеносын құрайды. Жылжымайтын мүлік объектісі адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар ғана емес, табыс әкелетін капитал болып саналады.
Салық салу мақсатында Қазақстан нарығындағы жылжымайтын мүлік экономикасының проблемалары кең ауқымды, күрделі мәселелер жиынтығын қамтиды. Оларды Қазақстан Ұлттық экономикасының нарықтық қатынасқа өтуі, сол қатынастар жағдайында іс-әрекеттерге байланысты туындайтын көптеген сұрақтарға жауап іздеу барысында шешу қажеттілігі алдымызда тұрғаны анық. Ең маңыздысы жылжымайтын мүлік нарығының жағдайымен болашағы зор болып отырғаны белгілі. Сол себепті еліміздегі ғимараттар мен тұрғын үйлерді тұрғызуға ең көп капитал бөлініп отыраны белгілі. Жылжымайтын мүлік объектілері құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі бағыттарына ипотекалық несиелеу мен құрылыс жинақтары жүйесі жатады. Қазақстан тұрғын үй саясатының басым бағыты ипотекалық несиелеу мен құрылыс жинақтары. Осының өзі біздің жылжымайтын мүліктің қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар дамуының қазіргі әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін талдау аралас экономиканың қалыптасуы бітіру жұмысында қарастырылған модельдерді пайдалану арқылы жылжымайтын мүлік нарығында салық салудың теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу, сонымен қатар алдыңғы теориялық нұскауларды іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Қандай болмасын, оның негізгі критерийі салық салу мақсатындағы нарықтық құнды анықтау және түсіндіру болып табылады.
...