МКА негізінде иммуно-ферменттік тест жүйесін құрастыру
Автор: kozhataeva96 • Январь 20, 2018 • Курсовая работа • 5,526 Слов (23 Страниц) • 1,677 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 моноклональды антиденелер (МКА)
1.2 МКА алу технологиясы
1.3 МКА пайдаланылуы
1.4 иммунноферменттік талдау
1.5 МКА негізінде иммуноферменттік тест жүйесін құрастыру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Калибратор - арнайы эталондық өлшеу шамасы
Антиген - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер
Антигендер — гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері.
Гипериммундеу–организмдің ең жоғарғы иммунологиялық реакциясына жауап алу мақсатында белгілі бір антигеннің біркелкі көбейтіліп отыратын мөлшерін жануарларға парентеральды əдіс жолымен енгізу
Иммуногенділік - антигендердің иммундық жауапты индуцирлеу қабілеті
МКА -моноклональды антидене
ИФТ - иммуноферменттік талдау
ТМБ - тетраметилбензидин
ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы
ІНФ - ісік некрозының факторы
ПСА - простатаспецификалық антиген
НА- Ньюкасл ауруы
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда медицина саласында аурулардың жаңа түрлері шыққан сайын, оларды емдеу және алдын алу үшін әр түрлі препараттар да сол қарқынмен дамып отыру керек. Қазірке уақытта заманауи фармакологиядағы осында әйгілі препараттардың бірі ол - иммуноферменттік тест жүйелері болып табылады. Бүкіл әлем ғалымдары күннен күнге осы тест-жүйелерін in vitro диагностикасында жаңартып отыр. Басқа серологиялық реакциялардың ішінде иммуноферменттік талдау (ИФА) ең танымал және кең тараған реакция болып табылады. Иммуноферменттік тест-жүйелерінің қолдану артықшылықтарына қолдану тиімділігі және қарапайымдылығы жатады. Тест жүйесінің құрамына бір компонентті және екі компонентті ТМБ кіреді. Бұдан басқа әр түрлі ерітінділер және бақылағыштар кіреді. Тест-жүйесін 1 жыл ішінде қолдана беруге болады. Тест-жүйенің ішіндегі калибратор халықаралық стандартқа сай болып келеді. Нарықта тест-жүйелерінің көптеген түрлері шығарылған. Мысалы, 12хF16 тест-жүйесі 192 талдау жасауға негізделген. Жиынтық құрамына екі планшет кіреді. 16 лункасы бар 12 екі ядролы стриптардан құралады. 6хF16 жүйесі - 96 талдау жасауға арналған, бір планшеттен тұрады. Планшет өз кезегінде 16 лункасы бар 6 екі ядролы стриптан құралады. ИФТ дианостикумдарынң көмегімен келесідей ауруларды анықтауға болады:
- инфекционды аурулар: ЖИТС-инфекция, цитомегаловирустық инфекция, Эппштейн-Барр инфекциясы немесе моноклеоз, герпет инфекциялары, токсоплазмоз, қызылша, бруцеллез, псевдотуберкулез, сальмонеллез, шигеллез, аспергиллез және т.б;
- аутоимундық аурулардың маркерлері және адамның иммунитет көрсеткіштері;
- онкологиялық маркерлер: ІНФ (ісік некрозының факторы), ПСА(простатаспецификалық антиген) және т.б;
- репродуктивтік ауытқулар: этрадиол, прогестерон, пролактин, тестостерон және т.б гормондар қызметінің бұзылуы;
- қалқанша без аурулары:
Жұмыстың мақсаты: МКА негізінде иммуноферменттік тест-жүйесін алу технологиясына талдау жасау
Жұмыстың міндеті:
- иммуноферменттік талдау әдісіне сипаттама беру
- МКА және олардың алыну жолдарымен танысу
- ИФТ диагностикумдарының жалпы алыну технологиясына сипаттама беру
1.1 МОНОКЛОНАЛЬДЫ АНТИДЕНЕЛЕР
Адам мен жануарлардың ағзасына бөтен заттар, антигендер енгенде қан құрамында антиденелер пайда болады. Антидененің бір түрі ерекше өзіндік қасиетін көрсетеді, антигеннің бір ғана детерминантын танып, онымен байланысады.
Антиденелердің көмегімен:
- бактериялық уыттыларды, жылан уларын, қан құрамына түскен вирустарды бейтараптандырады;
- ұлпа құрамында, биологиялық және басқа сұйықтықтарда әр түрлі заттарды теңестіреді.
Антиденелердің түзішулері ретінде В-лимфоциттер қызмет атқарады. В-лимфоциттің бір жасушасы және оның ұрпақтары, клоны антидененің бір түрін синтездейді, түзілген антиденелер моноклональды антиденелер деп аталады. Табиғи моноклональды антиденелерді ісік жасушалы, плазмоцитомалар синтездейді.
...