Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аралық электромагниттік реле

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Контрольная работа  •  976 Слов (4 Страниц)  •  361 Просмотры

Страница 1 из 4
  1. Аралық электромагниттік реле

Аралық релелер қосалқы болып табылады және уақыт ұсталымын қажет етпейтін немесе қажет жағдайда салыстырмалы аз ұсталыммен логикалық операциялар орындау үшін қолданылады. Мұндай релелер біруақытта бірнеше тізбекті тұйықтау немесе ашу керек болған жағдайда немесе үлкен тоқты тізбекті тұйықтау не ашуға қуатты түйінмен реле қажет жағдайда қолданылады. Аралық релені қосу сұлбасы 2.6-суретте келтірілген. Қосу тәсілі бойынша аралық релелер параллель (2.6, а-сурет) және тізбектей (2.6, б-сурет) қосу бөліп бөлінеді. Біріншінің орамы қорек көзінің толық кернеуіне қосылады, ал екінші

– сөндіргіштің не басқа бір аппарат немесе реленің YAT өшіру электромагнит катушкасымен тізбектей тоқ тізбегіне қосылады.

[pic 1]

  1. сурет. Аралық реленің қосу сұлбасы:

а – параллель қосу; б – тізбектей қосу; в – қосымша ұстап тұрушы катушкамен; КА – тоқ релесінің түйіндері; KL – аралық реле орамы; KL.1 – аралық реле түйіндері; KL1, KL2 – қосымша ұстап тұрушы катушкамен аралық реленің сәйкесінше параллель және тізбектей орамдары; KL1.1 KL2 орам тізбегіндегі түйіндер; SQ – сөндіргіш түйнідері; YAT – өшіру электромагниті.

Сонымен қатар қосымша ұстаушы катушкамен релелер шығарылады, мысалы реле түйіндерімен басқарылатын тізбекке тізбектей қосылатын қосымша ұстаушымен параллель қосылатын реле (2.6, в-сурет). Мұндай реле KL1 параллель қосылған орамға берілетін қысқауақытты импульспен қосылып, импульс жоғалған кейін ұстаушы тоқ әсерімен Q сөндіргіш өшкенше жұмыс күйінде қалады. KL.1 түйіндері KL1 орамы қорек көзін алғанда тұйықталады, және кейін KL2 ораммен Q сөндіргіштің SQ түйіндері түскенше тұйық күйде ұсталады.

Параллель қосылатын реле орамдарымен тұтынылатын қуат 6 Вт-тан аспауы керек, себебі олардың тізбегі азқуатты түйіндермен релені тұйықтау және аша алу керек.

Тізбектей қосылатын реле орамдарымен тұтынылатын қуат осы реле орамының кедергісіне минималды кернеу түсуі шартымен таңдалады, ол оперативті тоқ көщінің номиналды кернеуі 5...10% аспайтындай рұқсат етіледі.

Түйіндер қуаты РЗ тізбегін тұйықтау және ашу үшін, сонымен қатар сөндіргішті басқару тізбегін тұйықтауға жеткілікті болуы қажет.

Аралық релелер тек номиналды кернеуде ғана емес, сонымен қатар оның төмендеуі тұрақты тоқ релесі үшін 0,8Uном дейін, ал айнымалы тоқ релесі үшін 0,85Uном дейін мүмкін қолданыс шартында да сенімді қызмет етуі керек.

Клапан типті, айналмалы зәкірмен, магнитөткізгішке тартылатын кешіктірусіз жұмыс істейтін аралық релелер кең таралған.

Аралық релелер төмен қайтару коэффициентіне kB ие, шамамен 0,1...0,4 тең. Уақыт релесі сияқты, бұл релелер үшін де мұндай жағдай ешқандай рөл ойнамайды, себебі жұмыс шарты бойынша релені босату қорек көзінен өшіргеннен кейін жүзеге асады.

РЗ сұлбаларында қолданылатын тұрақты тоқтың негізгі аралық релелері РП- 23 релесі, олардың қызмет ету уақыты шамамен 60 мс, РП-220 жылдам қызмет ететін реле уақыты шамамен 10 мс және іске қосылуы немесе қайтаруы кешігетін РП-250 релесі болып табылады. Бұл релелердің іске қосылуының кернеуі шамамен 0,7Uном құрайды, ал қайтару кернеуі – (0,03...0,05) Uном (кейбір ерекшеліктермен). РП-220 релесінің жылдам жұмыс істеуі құрылымының бірқатар жеңілдеуі есебімен және реле уақытының тұрақтысын лезде төмендететін, яғни тоқтың, сәйкесінше реленің магнит ағыны мен күшінің тез өсуін қамтамасыз ететін, катушка релесімен тізбектей қосымша резистор қосу арқылы қол жеткізіледі.

  1. [pic 2]
  2. сурет. РП-23 аралық релесі:

1 – электрмагнит; 2 – орам; 3 – қаптама; 4 – реттелетін пластина; 5 – цоколь; 6 – қайтарушы пластина; 7 – жылжымалы түйінді жүйе; 8 – жылжымайтын түйіндер; 9 – тірек; 10 – зәкір сағағы; 11 – зәкір.

РП-250 релесінде керісінше, егер іске қосуға кідіріс қажет болса ағынның өсу жылдамдығын төмендету үшін шаралар кернеу бергеннен кейін қабылданады, немесе, егер қайтаруға кідіріс қажет болса, ағынның түсу жылдамдығын төмендету үшін кернеу түскеннен кейін қабылданады.

РП-23 аралық релесі (2.7-сурет) орамды 2 электрмагниттен 1, сағақты 10 зәкірден 11, жылжымайтын түйіндерден 8, жылжымалы түйінді жүйеден 7, қайтарушы серіппенден 6, тіректен 9, реттелетін пластинадан 4 тұрады. Реленің барлық элементтері цокольда 5 бекітіледі және қаптамамен 3 жабылады.

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (287.9 Kb)   docx (246.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club