Отчет по практике в ресторане
Автор: Ai7da7 • Март 31, 2019 • Отчет по практике • 6,256 Слов (26 Страниц) • 657 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
- Жалпы бөлім
1.1.Өндірістік тәжірибенің күнтізбелік кестесі...................................................1
1.2.Мейрамханамен жалпы танысу .....................................................................3
II. Негізгі бөлім
2.1. Басқару құрылымы .......................................................................................6
2.2. Персоналды басқару ....................................................................................7
2.3. Қаржы жағдайы ...........................................................................................9
2.4. Маркетингтік жағдайы ...............................................................................10
2.5. Анализ тұжырымдамасы ............................................................................13
III. Қосымша бөлім
3.1.Тамақтану орындарының маңызы ..............................................................16
3.2. Халал индустриясы .....................................................................................20
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе – болашақ мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеру мен алдынғы қатарлы кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибе алу, магистранттың практикалық, нақты маман ретінде жұмыс атқаруы базалық және профильді пәндер бойынша теориялық білімді бекітуге бағытталған кәсіби тәжірибенің түрі болып табылады. Өндірістік тәжірибеден өту барысында магистрантты нақты өндірістік жағдайдың барлық бағыттары бойынша кәсіби әрекетке дайындау жүргізілетін болғандықтан мен Адилшеева Аида Қожақызы 25 мамырдан 27 маусым аралығында Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамндығым бойынша өндірістік тәжірибені «Cosmo» мейрамханасынан өттім. Менің тәжірибе есебім негізгі 3 бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім екі тақырыптан тұрады: Бірінші тақырып Өндірістік тәжірибенің күнтізбелік кестесі деп аталады. Бұл бөлімде тәжірибелік күнтізбелік кестенің жоспары мен мақсаттарын баяндадым. Екінші тақырыпты: Мейрамханамен жалпы танысу деп алдым. Мұнда жалпы мейрамхана туралы жазылған. Негізгі бөлім 5 тақырыпшадан тұрады. Олар төмендегідей:
Басқару құрылымы
Персоналды басқару
Қаржы жағдайы
Маркетингтік жағдайы
Анализ тұжырымдамасы
Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім негізгі бөлімде мейрамханаың ішкі жағдайы сипатталған. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім. Қосымша бөлім тағы екі тармақшадан тұрады: Тамақтану орындарының маңызы және Халал индустриясы. Халал индустрия туралы жазған себебім «Cosmo» мейрамханасы халал орталық негізінде жұмыс жасайды. Тәжірибелік жұмысымның тобықтай түйіні Қорытынды бөлімінде бекітілген. Бұл мекемеде маған тәжірибе жетекшісі болып «Cosmo» мейрамханасының директоры Есенғарин Арун Артурович тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен де Есенғарин Арун Артурович болды.
Жалпы бөлім
1.1.Өндірістік тәжірибенің күнтізбелік кестесі
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Осы себептен мен 32 жұмыс күн аралығына өндірістік тәжірибеден өту мақсатында «COSMO» мейрамханасына жіберілген уақытымда мейрамхана жұмысымен барынша танып білуге күш жұмсадым. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мейрамхананың жұмыс істеу тәртібін, мақсатын, жүзеге асырылуын, ақша қаражаттарының айналымын, қызметкерлердің жұмысын меңгеріп, оларды ұйымдастыру, қонақпен есеп айырысу, яғни есептің дұрыс ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға міндетті болдым:
...