Отчет по практике в ресторане «Алтын»
Автор: Клиент Клиент • Апрель 22, 2018 • Отчет по практике • 1,182 Слов (5 Страниц) • 1,253 Просмотры
Есебі
29. 05. 17 ж.
Мен Рамазан Мейрамгуль Сериккызы РД-11к тобы, оқу тәжірибесінен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен өттім. ҚҚЭУ- нің Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығы бойынша, туризм және мейрамхана ісі кафедрасы.
Бүгінгі практиканың жоспары: «Алтын» мейрамханасының қызметімен танысу.
«Алтын» мейрамханасы Қарағанды қаласы, Винницкая көшесі 25/1 орналасқан. Бұл мейрамхана банкеттер үшін сағ. 12.00-00.00 дейін жұмыс істейді. Жай күндері дүйсенбіден жексенбіге дейін сағ. 12.00-20.00 дейін демалыссыз жұмыс істейді. Зал 45 орыннан тұрады, ал банкеттер 150 орыннан астам адамға дейін қабылдайды. Мейрамхана өте үлкен , әдемі интерьермен жабдықталған. Мейрамхана өз келушілеріне шығыс, еуропалық, қазақ және корей ас мәзірін, сонымен қатар балаларға, ауыз ашарға арналған ас мәзірін ұсынады. Ас мәзірі орыс тілінде жазылған. Орташа чек 3500 тг-ні құрайды. Ғимараттың жеке автотұрағы және жазғы террасасы бар.
Мейрамхана іші ашық жарқын түстермен жабдықталған, сол себепті келген клиенттерге жайлылық сыйлайды. Бұл жерде жайлы көңіл күйге арналған жанды дауыспен әндер ұсынылады.
Қалыпты атмосфераны қалыптарстыру үшін ғимарат ішінде ауа баптағыштар орнатылған.
30.05.17 ж.
Бүгінгі практиканың жоспары: «Алтын» мейрамханасының басқару жүйесінің сипаттамасымен танысу. Бұл мейрамханада барлық мейрамханадағылар секілді басшылық директордан басталады.
Мейрамханада бірнеше әкімшілік бөлім бар: директордың, әкімшілік және бухагалтерлік, маркетингтік бөлімі. Сонымен қатар, тағы бір маңызды бөлім ол – персоналдар бөлімі. Яғни, бұл жерде даяршылар, кіші қызметкерлер және т.б қызметкерлер жатады.
Директор және әкімшілік персоналды басқарумен айналысады. Мысалға, қонақты күтіп алу өте маңызды үдіріс болғандықтан, басшылар осы жұмысқа сай өз ісінің маманы адамды жұмысқа алып, оның жұмысын қадағалай білу керек. Яғни, басшылар хостесті, даяршыларды керекті деңгейде қызмет көрсетуге ынталандыру керек. Ол үшін ең алдымен әкімшілік өз ісінің өте білікті маманы болу керек. Осындай білікті мамандардың қол астында ең жағымды персоналдар қызмет етеді. Бірақ, қазіргі кезде жалпы Қазақстан бойынша көбіне осы – даяршылар, хостестер қосымша табыс көзін іздейтін студенттер болып табылады. Демек, бұл олардың көп бөлігі бұл салада білімдері аздығын білдіреді. Сондықтан, кей жағдайларда келеңсіздіктер туып жатады. Осындай жағдайдың алдын алу үшін, жұмысқа тұрардың алдында олармен оқытуға шолу жүргізу керек. Осының бәрін басшылық қарастырып, оңтайлы жағдай жасау керек деп ойлаймын.
Мейрамхананы тұтынушыларға оңтайлы жолмен ұсынатын маркетингтік бөлім жұмыс істейді. Маркетингтік бөлім жалпы беріліп отырған мейрамхананың нарыққа ең жақсы, ұтымды қызметтерін ұсынады. Бұл сала бойынша да білікті мамандарды таңдай білу керек. Себебі, дәл осы маркетингтік қадамдардан алға басу нығая түседі.
Бухгалтерлік бөлім ең маңызды бөлім болып саналады. Себебі, барлық кіріс-шығысты есептеп, мейрамхана қорының бірқалыпта ұстап тұруын қамтамасыз етеді.
Жалпы мейрамхананың мықты ірге тасы дұрыс басқармаға байланысты. Сол себепті басқармада өте білікті мамандар отыру керек.
31.05.17 ж.
Бүгінгі практиканың жоспары: Тапсырмалардың орындалуы, фактілік мәліметтерді жинап , өңдеу және жүйелілеу.
Бүгін біз жалпы мейрамхана ісі бойынша керекті мәліметтерді жинақтап өңдеп алдық. Бұл мәліметтерді тек жинақтап қана қоймай тәжірибе жүзінде сынақ өттік. Яғни, персоналдардың қызметін көрініс ретінде ұйымдастырдық. Бұл тәжірибеден алған сабақ өте пайдалы болды. Осындай тәжірибелер арқылы біз өз саламыздағы қыхметтерді кеңірек ашып тани білдік. Жіберген қателерімізді түзеп, жақсы жаққа қарай бет алдық.
...